Қарағанды облысында Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның облыстық отырысы өтті

Қарағанды облысында Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның облыстық отырысы өтті

15 шілдеде Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Е.А. Алпысовтың төрағалығымен ТЖ алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті.
Күн тәртібі бойынша өрт қауіпті кезеңнің өтуі, шомылу маусымында облыстың су айдындарында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар және сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері қаралды.
Қарағанды облысы ТЖД бастығы М.Қ. Қатпанов өрт қауіпті кезеңнің өтуі және ағымдағы жылдың 3-7 шілде аралығында орын алған табиғи өрттер туралы баяндады.
«Ағымдағы жылдың 12 сәуірінен бастап облыс аумағында жалпы ауданы 3865,5 га дала жануының 137 фактісі, жалпы ауданы 54,717 га 15 орман өрті және 41280,3 га алаңда 8 дала өрті тіркелді. Табиғи өрттердің басым бөлігі Ұлытау және Бұқар жырау аудандарында болды»,- деп хабарлады ТЖД бастығы.
Ағымдағы жылдың өрт қауіпті кезеңі облыс бойынша күрделі жағдайда өтуде. Орын алған табиғи өрттердің саны да олардың ауқымы да өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай көп болып отыр.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, еркіті өрт сөндіру құралымдарының өрттерді жою құралдармен төмен жарақтандырылуы және ең бастысы, ауылдық округ әкімдіктерінің табиғи өрттерге дер кезінде ден қоймауы дала өрттерінің үлкен алаңдарға таралуына алып келді.
Қалалар мен аудандардың әкімдеріне осы бағыттағы жұмысты жандандыру тапсырылды.
Су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыста қажетті ұйымдастырушылық және практикалық шаралардың барлық кешені өткізілді.
2021 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін профилактикалық рейдтермен 36 мыңнан астам адам қамтылды.
Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ТЖД 6 құтқару бөлімшелері, оның ішінде 106 адам, 24 техника, 43 жүзу құралдары дайындықта тұр.
Бүгінгі таңда облыс аумағында суда адам өлімінің 11 жағдайы тіркелген, оның ішінде екі жасөспірім. Барлық жағдайлар суға шомылуға жабдықталмаған жерлерде және өз күштері мен мүмкіндіктерін жете бағаламау кезінде орын алды. Шомылу маусымы бойынша жұмыс ерекше бақылауда.
Кеңес қорытындысы бойынша бірқатар тапсырмалар берілді, соның ішінде ерікті өртке қарсы құралымдарды қоғамдық бірлестіктер ретінде тіркеу жөніндегі жұмысты аяқтау, өрт сөндіру бекеттерін құру жөніндегі жұмысты жалғастыру, төтенше жағдайлар туындаған жағдайда жедел материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерімен ниет-шарттар жасасуды қамтамасыз ету.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі