Оқушылар өрт сөндіру бөлімінде экскурсияда болды

Оқушылар өрт сөндіру бөлімінде экскурсияда болды

12 шілде «Менің қауіпсіз демалысым» акциясы аясында Приозерск гарнизонының қызметкерлері №1 мектеп лагерінің оқушыларына экскурсия жүргізді.
Оқушыларға өрт сөндіру бөлімінің құрылу тарихы жеткізіліп, өрт сөндірушілердің және диспетчерлік қызметтің жұмысы таныстырылды.
Балалар өрт күзеті әлеміндегі қызықты саяхат барысында қуана естелікке суретке түсті, өртке қарсы тақырыпта парақшалар алды және өрт сөндірушілерге өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға уәде берді. Сондай-ақ, құтқарушылар құтқару қызметінің «101», «112» телефондарын еске салды.