Қарағанды облысында табиғи өрттердің жағдайы тұрақталды

Қарағанды облысында табиғи өрттердің жағдайы тұрақталды

Қазіргі уақытта облыс аумағында жанып жатқан ошақтар жоқ. Жезқазған өңіріндегі және Қарқаралы ұлттық паркінің аумағындағы дала өрттері ауыздықталды.
Жезқазған қаласының Сарыкеңгір ауылдық округінде, Малшыбай селосынан 60 км солтүстік-шығысқа қарай, 8-ші шілде күні сағат 20:35-те 800 га алаңда құрғақ шөптің жануы және Ұлытау ауданы, Алғабас а/о аумағында 3800 га алаңда құрғақ шөптің жануы орын алды. Өрт 11 шілде сағат 08:00 ауыздықталды.
«Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің» аумағында, Тегісшілдік ауылынан 15 км оңтүстік-батысқа қарай жалпы алаңы 43 га құрғақ шөптер мен тал-шіліктер жанды. Өрт 10 шілде сағат 15:30-те ауыздықталды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің болжамды себебі найзағай разряды болды.
Өрттерді сөндіруге ТЖД, өртке қарсы ерікті құралымдардың, "Серіктес" ЖШС, "КГНПП" және «Қазавиаорманқорғау» күштері жұмылдырылды.