
9 шілде күні Теміртау қаласының ТЖБ қызметкерлері ТЖ алдын алу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл шеңберінде аса маңызды объектілерде, оның ішінде қаланың су объектілерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша функцияларды орындайтын Теміртау қаласының мамандандырылған күзет қызметі және Полиция басқармасының жеке құрамымен әңгіме өткізді.
Шомылу маусымында азаматтық қорғау қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен, полиция қызметімен және еріктілермен бірлесіп су айдындары мен табиғи жағажайларда жаппай демалу орындарында профилактикалық рейдтер және патрульдеу жүргізеді. Бірлескен рейдтер жүргізу барысында жабдықталмаған жерлерде шомылудың, жағажайларда, су айдындарында жаппай демалу орындарында спирттік ішімдіктер ішудің жолын кесу, судағы жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіру жүргізіледі.
Қызметкерлермен әңгімелесу барысында су айдындарында шомылу кезінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Оның ішінде ересектердің қарауынсыз балалардың су айдындарында болуына ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, әңгімелесу барысында қызметкерлерге күзетілетін объектілердегі өрт қауіпсіздігі қағидалары, балалардың терезеден құлап кетуіне жол бермеу шаралары, сондай-ақ 101 және 112 шұғыл қызмет нөмірлеріне жүгіну қағидалары жеткізілді.