
2021 жылдың 28 маусым мен 3 шілде аралығында Павлодар қаласында жасөспірімдер арасында өрт-құтқару спорты бойынша ХІ Қазақстан чемпионаты өтті.
Оқу мұнарасының 2-қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу бойынша сайысында кіші топ арасында Қарағанды облысының спортшысы Антон Мартынов Қазақстан чемпионы атанды.
Ал жауынгерлік қанат жаю сайысында Қарағанды облысының құрама командасы 2-ші орынды иеленді.
Өрт-құтқару спорты бойынша жасөспірімдер арасындағы ХІ чемпионаттың жалпы командалық есебінде 15 команданың ішінде Қарағандының спортшылары 5 орынға ие болды.
Қарағанды облысының ТЖ департаменті ұжымы спортшыларды жеңісімен құттықтайды!