Ұлытау ауданы бойынша барлық өрттер толығымен жойылды

Ұлытау ауданы бойынша барлық өрттер толығымен жойылды

Қарағанды облысында табиғи өрттердің жағдайы тұрақталды. Ұлытау ауданы бойынша барлық өрттер толығымен жойылды. Олардың жалпы ауданы 36538 гектарды құрады.
Ұлытау ауданының екі ауылдық округі - Жангелді және Ақтасты аумағында 28000 га алаңда құрғақ шөп өртенді. Өрт 7 шілде сағат 18:10-да ауыздықталып, 8 шілде сағат 21:00-де жойылды.
Шеңбер ауылдық округінде, Қорғасын ауылынан солтүстікке қарай 20 км жерде, 4 шілде күні сағат 19:20-да 4700 га алаңда құрғақ шөп өртенді (7 шілде сағат 17:20-да орнатылды). Өрт 7 шілде күні сағат 17:20-да ауыздықталып, 8 шілде күні сағат 21:00-де сөндірілді.
Дәл сол ауылдық округте, бірақ Қорғасын ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде 3500 га құрғақ шөп жанды. Тілсіз жауды 8 шілде күні сағат 21:00-де сөндіре алды.
Амангелді ауылдық округінің Сарлық ауылынан батысқа қарай 70 км жерде 3600 га алаңда құрғақ шөп өртенді. Өрт 8 шілде сағат 21:00-де жойылды.
Өртті сөндіруге барлығы 540 адам мен 70 бірлік техника жұмылдырылды.
Ыстық ауа-райы және күшті жел өртті сөндіруде қиындық туғызып, өрттің тез таралуына ықпал етті.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі