7 шілдеде Қарағанды облысының ТЖД-де өрт қауіпті және суға шомылу маусымы өту мәселелері бойынша брифинг өткізілді. Бірінші сұрақ бойынша спикер болып ТЖД бастығының орынбасары Нұрлан Бекбосынов сөз сөйледі.
Соңғы бірнеше күнде қалыптасқан жауын-шашынсыз ыстық ауа райы дала өрттерінің туындауына ықпал етті.
Тек өткен тәулікте ғана 24 табиғи өрт болды, оның 16-сы жойылды, 8-і бақылауда қалып отыр.
3-7 шілде аралығында облыстың Ұлытау, Бұқар Жырау, Нұра, Шет, Осакаров, Қарқаралы аудандарында және Қаражал қаласында жалпы ауданы 995 гектар болатын 33 дала жану ошағы тіркелді.
Ең күрделі жағдай Ұлытау ауданында қалыптасты, онда 4 өрт және 10 жану болды. Тек Ұлытау ауданы бойынша өртті жоюға барлығы 433 адам және 74 техника бірлігі жұмылдырылды.
Өкінішке орай, өрт учаскелерінің бірінде сағат 4 шілде Ұлытау ауданының Қоскөл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 40 км жерде жергілікті тұрғындар өртенген автомашинаны тауып, автомобильден 6 м қашықтықта жанып кеткен 1998 жылы туған ер адамның денесі табылды. Қайтыс болу себебін Ұлытау ауданының полиция қызметкерлері анықтайды.
Сонымен қатар, 4 шілде Жангелдин а/о «Шиелі құдық» жайылымының аумағында 200 бас ұсақ мал және 10 бас төл өртенді.
Ұлытау ауданында өрттерді жою қатты екпінді жел мен қатты ыстыққа байланысты қиын болды.
Қазіргі уақытта Ұлытау ауданының 3 елді мекенінде өрт бақылауда қалып отыр.
Өрт ошақтарының негізгі себептері отты абайсыз қолдану, құрғақ, ыстық және желді ауа райы, ыстық ауа-райында найзағай разрядтары болды.
Шомылу маусымының қауіпсіз өтуі бойынша азаматтық қорғаныс басқармасы басшысының орынбасары Ерасыл Сайпаш сөз сөйледі. Ол ТЖД қызметкерлерімен суда қауіпсіздік шараларын түсіндіру бойынша күнделікті алдын алу іс-шараларын жүргізілетіндігін атап өтті. Алайда белгіленген тыйымға, сондай-ақ жүргізілген алдын алу шараларына қарамастан көптеген азаматтар шомылуға тыйым салынған орындада шомылуда.
Жабдықталмаған жерде суға шомылудың, өз күштері мен мүмкіндіктерін қайта бағалаудың салдарынан бүгінгі күні Қарағанды облысының аумағында 11 адам, оның ішінде 3 бала қаза болды. Өткен тәуліктің өзінде екі адам суға батып кетті.
6 шілде Абай ауданы, Шерубай-Нұра су қоймасында Қарағанды облысы ТЖД күшімен 1967 жылы туған ер адамның денесі табылып, судан шығарылды. Ол суға шомылуға жабдықталмаған жерде суға батып кетті.
Екінші жағдай Оңтүстік-Шығыс пен Көгілдір тоғандар шағым аудандары арасындағы Триатлон паркіне жақын жасанды су айдынында орын алды. ТЖД күшімен суға шомылу үшін жабдықталмаған жерде суға батып кеткен 1996 жылы туған жігіттің денесі табылып, судан шығарылды.
Қарағанды облысының ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарын табиғатта болған кезде өте мұқият болуға шақырады: сөндірілмеген темекі тұқылдарын, сіріңкелерді тастамауға, сөндірілмеген алау, сондай-ақ сынған шыны қалдырмаңыз. Сондай-ақ судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұраймыз. Арнайы жабдықталмаған жерлерде шомылмаңыз! Су көптеген қауіптерді жасырады!
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі