
Қарағанды облысының аумағында дала жануының барлық ошақтары жойылды. Үлкен алаңдарда 5 табиғи өрт ошағы бақылауда қалып отыр, оның 4-і Ұлытау ауданының аумағында, ал біреуі Ақтоғай ауданының Ортадересі а/о аумағында.
Бақылауда:
1. Ұлытау ауданы, 2 ауылдық округ аумағында (Жангелді және Ақтасты), 3 шілде сағат 22:45-тен бастап 28000 га алаңда құрғақ шөптің жануы орын алды. Өрт 7 шілде сағат 18:10-де ауыздықталды. Жоюға ТЖД, ҚР ТЖМ 52859 ә/б, ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы, Байқоңыр қ. өрт сөндіру бекеті, жергілікті атқару органдары, ерікті өртке қарсы құралымдар, жергілікті тұрғындар, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы және «Серіктес» ЖШС.
2. Ұлытау ауданы, Шеңбер а/о, Қорғасын с. солтүстігіне қарай 20 км 4 шілде сағат 19:20-дан бастап алаңы 4700 га құрғақ шөптің жануы орын алды. Өрт сағат 7 шілде сағат 17:20-да ауыздықталды. Жоюға ТЖД, Қорғасын ауылындағы өрт сөндіру бекеті, ерікті өрт сөндіру құралымдары, «Ұлытау орман және жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығы» КММ жұмылдырылды.
3. Ұлытау ауданы, Шеңбер а/о, Қорғасын с. солтүстік-шығысына қарай 50 км 4 шілде сағат 23:00-ден бастап алаңы 3500 га болатын құрғақ шөптің жануы орын алды. Өрт сағат 7 шілде сағат 17:40-та ауыздықталды. Жоюға ҚР ТЖМ 52859 ә/б , «Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі Ұлытау шаруашылығы» КММ, ерікті өрт сөндіру құралымдары және жергілікті атқарушы орган күштері жұмылдырылды.
4. Ұлытау ауданы, Амангелді а/о, Сарлық с. батысынан 70 км 6 шілде сағат 12:50-ден бастап 3600 га алаңда құрғақ шөп өртенді. Өрт 8 шілде сағат 07:20-да ауыздықталды. Жоюға ТЖД, ҚР ТЖМ 52859 ә/б, ерікті өрт сөндіру құралымдары және жергілікті атқарушы орган күштері жұмылдырылды.
5. Ақтоғай ауданы, Ортадересі а/о, Балқаш қ. солтүстігіне қарай 70 км 6 шілде сағат 22:12-де 250 га аумаұқта құрғақ шөптің жануы болды. Жоюға ТЖД және ерікті өртке қарсы құралым күштері жұмылдырылды.