14 жасар бала Теміртау қаласының жасанды су қоймасына батып кетті

14 жасар бала Теміртау қаласының жасанды су қоймасына батып кетті

Теміртауда 2006 жылы туған бала суға батып кетті. Қайғылы оқиға Ақтау кентінде орын алды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жасөспірім досымен бірге шомылуға тыйым салынған жасанды су қоймасында шомылуға шешім қабылдады.
29 маусым күні кешке 20:07 Теміртау қаласының жасанды су қоймасында сүңгуірлер баланың денесін алып шықты.
Құтқарушылар арнайы жабдықталған орындарда ғана шомылуға болатындығын еске салады. Сонымен қатар, суда балалар мен жасөспірімдерге ерекше назар аудару керек.
# Ата-аналар нені есте ұстауы керек
Қарағанды облысының ТЖД ескертеді: қалай судағы жазатайым оқиғалардан баланы қорғауға болады:
- Балаларды қараусыз шомылуға жібермеңіз.
- Шомылуға тыйым салынған жерлерде шомылып, жағымсыз үлгі көрсетпеңіз.
- Егер сіз жақын жерде болмасаңыз, балалар қоңырау шала алатын шұғыл құтқару қызметтерінің телефондарын жатқа үйретіңіз.
- Ата-аналар әрқашан баланың қайда екенін, кіммен және қашан үйге оралатынын білуі керек.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі