Теміртау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы тағайындалды

Теміртау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы тағайындалды

Қарағанды облысы ТЖ Департаменті бастығының міндетін атқарушы полковник Ақылбек Ахметжанов жеке құрамға Теміртау қаласы ТЖ басқармасының бастығын таныстырды. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 4 маусымдағы №203 л/с бұйрығымен Теміртау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы болып Байғазиев Ербол Жақангерұлы тағайындалды.
Ербол Байғазиев 1973 жылы 6 қаңтарда Қарағанды облысының Жезқазған қаласында дүниеге келген.
Азаматтық қорғау органдарындағы қызметін 1996 жылы Жезқазған облысы ІІБ жанындағы МӨҚҚБ №8 МӨҚ Мамандандырылған жасағының №116 мамандандырылған бөлімінің аға респираторшысы лауазымынан бастады.
2012 жылға дейін Жезқазған қаласындағы өртке қарсы қызмет бөлімшелерінде аға респираторшыдан жасақ бастығына дейін қызмет атқарды.
2012 жылдан - Сәтбаев қаласының ТЖ бөлімінің бастығы.
2019 жылы Зілзалалар қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы бастығының орынбасары болып тағайындалды.
2020 жылы Қарағанды облысы ТЖД ТЖ жою басқармасының бастығы болып тағайындалды.
А.Қ. Ахметжанов жаңадан тағайындалған ТЖБ бастығына жақын арадағы кезеңге, атап айтқанда табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ алдын алу және санын азайту бойынша нақты міндеттер қойды.