Қарағанды облысында табиғи өртті сөндіру бойынша оқу-жаттығу өткізілді

Қарағанды облысында табиғи өртті сөндіру бойынша оқу-жаттығу өткізілді

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының аумағында табиғи өрттерді сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді.
Оқу-жаттығудың мақсаты мемлекеттік және мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтер мен ерікті өртке қарсы құралымдардың табиғи өрттерді сөндіруге тартылатын күштері мен құралдарының өзара іс-қимылын пысықтау және дайындығын тексеру болып табылады.
Өрт-тактикалық оқу-жаттығу барысында Қарағанды облысының ТЖ Департаменті бөлімшелерінің, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, облыстық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі аумақтық инспекциясының, жергілікті атқарушы органдардың, орман шаруашылығы мекемелерінің, полицияның, денсаулық сақтаудың және 52859 әскери бөлімінің өзара іс-қимылы пысықталды.
Оқу-жаттығудың аңызы бойынша бөлімшелер құрғақ ауа райы және қатты жел кезінде болуы мүмкін күрделі табиғи өрттерді сөндіру, сондай-ақ дала және орман алқаптарының ауқымды аумақтарында жанудың тез таралуы кезіндегі іс-қимылдар алгоритмін пысықтап, бекітті. Жұмыс бірден бірнеше оқу орындарында жүргізілді.
Оқу-жаттығудың аңызы бойынша туристер тобы сөндірілмеген алау қалдырды, бұл табиғи өрттің пайда болуына әкелді. Құрғақ ауа-райы мен қатты желдің салдарынан дала мен орман алқаптарының кең аумағында жанудың тез таралуы болды.
Өртті орман өрт сөндіру станциясының қызметкерлері тауып, олар өз күштері мен құралдарын оқиға орынына жіберді. Ақтоғай ауданының әкімі ғарыштық мониторинг деректері арқылы өрттің дамуы туралы растауды алып, өрт орнына өртке қарсы ерікті құралымдарды жолдады. Келген күштер аспалы өрт сөндіргіштер мен ұрғыш құралдардың көмегімен отты сөндіруге кірісті. Тракторлардың көмегімен өртке қарсы бөліктер жасалды.
Өрттің тез таралуына байланысты ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелерінен көмек сұралды.
Үйлесімді іс-қимылдар нәтижесінде 350 Га алаңда өрт жойылды.
Оқу-жаттығуға 160-тан астам адам мен 24-ке жуық техника жұмылдырылды.
Өткізілген өрт оқу-жаттығу қорытындысы бойынша талдау жасалды, тартылатын күштердің жауынгерлік қабілеттілік деңгейін арттыру жолдары көрсетілді.
Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары Нұрлан Бекбосынов өткізілген оқу-жаттығуларға оң баға беріп, қатысушылардың жақсы жауынгерлік дайындығын және олардың алдына қойылған міндеттерді шешу қабілетін көрсеткенін атап өтті.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі