Құтқарушылар «Құлыншақ» балалар үйінің тәрбиеленушілерін Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап қайтты

Құтқарушылар «Құлыншақ» балалар үйінің тәрбиеленушілерін Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап қайтты

Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері мен «Құлыншақ» балалар үйінің тәрбиеленушілері - бұрыннан келе жатқан достар. Құтқарушылар бірнеше жыл бойы аталған балалар үйіне тұрмыстық мәселелерді шешуге көмек көрсетіп келеді, мерекелерді өткізуге қатысады және осы балалар үйінің балаларымен үлкен қуанышпен сөйлеседі.
Бүгін, Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаныңда құтқарушылар балалар үйінің тәрбиеленушілерін назардан тыс қалдырмады.
Қарағанды облысы ТЖ департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Бекбосынов балдырғандарды мерекемен құттықтап қайтты.
Балалар үйінің директоры өз кезегінде құтқарушыларға көмек көрсеткені және балалар өміріне көңіл бөлгендері үшін алғысын білдірді.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі