1 маусымнан бастап облыста шомылу маусымы басталады. Ыстық күн басталысымен көптеген тұрғындар су қоймаларына демалуға шығады. Осы ретте барлық су қоймалары шомылуға арналғандығын есте ұстаған жөн. Маусым басталар алдында шомылуға арналған орындар тиісінше дайындалуы тиіс, яғни су айдындарының түбі адамдарды жарақаттауы мүмкін қауіпті заттардан тазартылуы тиіс.
Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарына сәйкес шомылуға арналған орындар жабдықталуы тиіс:
- құтқару бекетімен;
- тереңдігі 1,2 метрден аспайтын балалардың шомылуына арналған учаскемен;
- дауыс зорайтқыш құрылғылармен және телефон байланысымен;
- кезекші медициналық персоналы бар және қажетті құрал-саймандармен және дәрі-дәрмектермен жабдықталған алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған үй-жаймен;
- қарау мұнарасымен.
2021 жылы Қарағанды облысында ресми түрде 83 шомылу орны анықталды. Қарағанды қаласында Федоров су қоймасының қалалық жағажайында және Орталық мәдениет және демалыс саябағының су айдынында шомылуға рұқсат етілген.
Алдағы шомылу маусымы қайғылы оқиғаларсыз өтуі үшін, Қарағанды облысының ТЖ департаменті судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Рұқсат етілмейді:
- мас күйінде және есірткіге масайған күйде суға түсуге және шомылуға;
- қайықтардан, катерлерден, өткелдерден, сондай-ақ осы мақсатқа арналмаған құрылыстардан суға секіруге;
- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде суға сүңгуге;
- жүзу шегін білдіретін қалтқы белгілерден асуға;
- жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;
- су айдындарын ластауға және қоқсытуға;
- жағалауда және киім ауыстыратын орындарда демалушыларды жарақаттауы мүмкін қоқыстарды қалдыруға;
- жалған дабыл беріп айғайлауға;
- техникалық және алдын алу белгілерінің, қалтқы белгілерінің үстіне шығуға;
- балаларға ересектердің қарауынсыз суға кіруге рұқсат етілмейді.
Қажет болған жағдайда Сізге кәсіби көмек көрсетілетін белгіленген орындарда шомылуға кеңес береміз.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі