Облыстық ТЖ комиссиясының кезекті отырысында жылыту кезеңінің қорытындысы мен шомылу маусымына дайындық талқыланды

Облыстық ТЖ комиссиясының кезекті отырысында жылыту кезеңінің қорытындысы мен шомылу маусымына дайындық талқыланды

Қарағанды облысы әкімі Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның облыстық отырысы өтті. Отырыс барысында қысқы жылыту кезеңінің қорытындысы, өрт қауіпті кезеңінің өту барысы және суға шомылу маусымына дайындық мәселелері талқыланды.
Қарағанды облысы ТЖ департаментінің бастығы Мұрат Қатпанов 2020-2021 жж. қысқы жылыту кезеңінің қорытындылары және өңір аумағында шомылу маусымының қауіпсіз өтуі туралы баяндама жасады.
«Жылыту кезеңінің қорытындысы бойынша тұрғын үй секторында 593 өрт тіркелді. Өрт салдарынан 35 адам қаза тапты, 35 адам жарақат алды. Өрттің негізгі себептері пеш жабдықтары мен электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу болып табылады.
Азаматтардың улы газбен уланудан қаза болуы және жарақаттануы жылыту кезеңіндегі өткір проблемаларының бірі болып табылады. Улы газбен уланудан өрт туындамай 2 адам қаза тапты, 25 адам жарақат алды.
12 сәуірден бастап облыста өрт қауіпті кезең басталды. Бүгінгі күні облыста 27,8 га алаңда орман өрттерінің 6 фактісі тіркелді, жалпы ауданы 704 га алаңда 33 дала жануы орын алды.
Дала өрттеріне ден қою үшін облыс бойынша мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде 30 өрт сөндіру бекеті жұмыс істейді. Ағымдағы жылы қосымша 6 өрт сөндіру бекетін құру жоспарлануда. Жалпы саны 7 221 адам, 67 өрт сөндіру бірлігімен және 2072 бейімделген техникамен жарақтандырылған 505 ерікті өртке қарсы құралым бар».
Сондай-ақ, облыстық ТЖД бастығы Мұрат Катпанов суға шомылу маусымын қауіпсіз өткізу мақсатында облыстың су айдындарында өткізілетін профилактикалық іс-шаралар туралы хабардар етті.
Ағымдағы жылы суға шомылу маусымы басталғанға дейін суда қаза болу жағдайлары тіркелген жоқ. Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қоғамдық құтқарушыларды тарту жоспарлануда. Бұдан басқа, алдын алу жұмыстарына волонтерлер белсенді түрде тартылатын болады. Бүгінгі күні халықтың шомылуы үшін ұйымдастырылған орындардың болмауы проблемалық мәселе болып отыр.
Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар тапсырмалар берілді, соның ішінде қоғамдық құтқарушыларды тарта отырып, адамдардың жаппай демалатын және бақыланбайтын су айдындарында, өзендер мен каналдар арналарында қоғамдық құтқару бекеттерін құру. Сондай-ақ, әкім коммуналдық жағажайлардың санын көбейтуді, қолда бар жағажайлар мен халықтың су маңындағы көпшілік демалатын орындарды жайластыруды және балаларды жүзуге жаппай оқытуды ұйымдастыруды қамтамасыз етуді тапсырды.
Табиғи өрттерге жедел ден қою үшін өңір басшысы қорғалмаған елді мекендерде ерікті өртке қарсы құрамалар мен өрт сөндіру бекеттерін құру және жарақтандыру, сондай-ақ елді мекендердің, орман қорларының айналасында, автомобиль және теміржол жолдарының бойында минералданған жолақтарды орнату бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі