
Ағымдағы жылдың 27-30 сәуір аралығында Өзбекстанда кір көтеру спортынан Азия Чемпионаты және ашық Азия ойындары өтті. Қазақстан ұлттық құрамасының құрамында осы жарыстарға Қарағанды облысынан 4 спортшы қатысты, олардың бірі халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қарағанды облысы ТЖ Департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №11 өрт сөндіру бөлімінің инженері Александр Комаров.
Азия чемпионатында кәсіби мамандар арасындағы ұзақ цикл жаттығуында Александр пъедесталдың екінші сатысына көтерілді. Ашық Азия ойындары аясында кір көтеру спортының Халықаралық Одағында Александр алтын медальға ие болып, 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде кір көтеру спорты бойынша Ашық Азия ойындарының чемпионы атанды. Жеңісіңізбен құттықтаймыз!
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі