Қарағанды облысының ТЖД қызметкерлері марапатталды

Қарағанды облысының ТЖД қызметкерлері марапатталды

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында Қарағанды облысының ТЖД ерекше көзге түскен қызметкерлерге наградалар табыс етті.
ТЖ департаментінің бастығы Мұрат Катпанов жеке құрамды алдағы мерекелермен құттықтады: «Ерлік, кәсібилік және мамандыққа берілгендік – біздің қызметкерлеріміздің ерекше қасиеттеріміз. Біз алдағы уақытта да қойылған міндеттерді тиімді шешіп, адамдарды қорғау ісіне және Отанға қызмет етуге бар күш-жігеріміз бен білімімізді беретін боламыз. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері еліміздің аумағы мен халқын төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз ету бойынша өздеріне жүктелген қызметтік міндеттерді абыроймен және мақтанышпен орындауды жалғастыратынына сенімдімін.
Майдангер-ардагерлердің, тыл еңбеккерлерінің, сондай-ақ біздің елді көтергендердің ерліктеріне деген біздің алғысымыз бен құрметіміз ешқашан өшпейді. Біз әрбір ардагерге Отанымыздың бейбітшілігі, тыныштығы, ар - намысы мен бостандығы сақталған жауынгерлік және еңбек ерліктері үшін шын жүректен және терең ризашылығымызды білдіреміз" - деп атап өтті өз сөзінде ТЖД бастығы.
Салтанатты түрде азаматтық қорғау органдарының ардагерлеріне және ерекше көзге түскен қызметкерлерге ведомстволық наградалар табыс етілді.
Туған өлкемізді қорғауға дайын, бейбітшілік пен амандық үшін қызмет ететін барша азаматтарды құттықтаймыз. Сондай-ақ, бұл күні біз болашақ ұрпақтың тыныштығы үшін күресіп, балшық пен суықта ұйқысыз түндерді өткізгендердің барлығына сый-құрмет көрсетеміз.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі