Ардагерлер ізімен

Ардагерлер ізімен

Жеңіс күні қарсаңында Осакаров ауданының ТЖ бөлімі мен №17 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысындағы тыл еңбеккері және қызмет ардагері Василий Андреевич Хижнякқа барып қайтты.
Василий Андреевич Ұлы Отан соғысы басталғанда әлі бала еді. Ауылда ересек ер адамдар болмады, барлығы Отаның қорғау үшін майданға аттанды. Василий соғыстың алғашқы күндерінен бастап Зеренді ауданының Дорогеевка колхозында жұмыс істей бастады. Сол кезде 10 жастағы балаға екі бұқадан тұратын вагон сеніп тапсырылған, онда өзі қатарлас ұлдармен бірге жер жыртып, еңбек етті. Ол уақытта 1 күндік жұмыс 200 грамм астыққа тең болған.
1943 жылы Василийге комбайн астындағы астықты бұқалармен тасу тапсырылды. Оның айтуынша, бұл сенім адал еңбектің арқасында болған. Таңның атысынан кештің батысына дейін жұмыс. Үйге қайтпай, шөптерде ұйықтаған. Аяқтарында аяқ киім болмағандықтан, бұқа терісінен посталдар тігіп киген. Ол күн сәулесінен ысып, аяқтарын қатты қысатын болған.
Василий Андреевичтің айтуынша, ұйқының болмауына байланысты көбісі жұмыста есін жоғалтатын. Көптен күткен Жеңіс күнін де жұмыста қарсы алды. Еңбегі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталып, еңбек ардагері ретінде қабылданды.
Соғыстан кейінгі жылдары Құрылыс және ауыл шаруашылығында механизатор, сондай-ақ әр түрлі салаларда жұмыс істеді.
Өрт күзетіне 1978 жылы келіп, зейнеткерлікке шыққанға дейін 12 жылдан астам еңбек етті. «Өрт күзетінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
Қазан айында ардагер 90 жасқа толады, дегенмен бір орында отырмай, бау-бақшасын қарап, ауладағы барлық істерді өзі жасайды. Күніне 2-3 км жүрсе, жаз мезгілінде велосипедпен он шақырымнан аса алады. Бізді де ұмытпайды және әрқашан жас қызметкерлерге өз тәжірбиесімен бөлісуге дайын.
«Еңбек – бәрін жеңбек» деген халық мақалын ұстанған ардагеріміз жас ұрпаққа табандылық, шыдамдылық танытуға кеңес береді. Сондай-ақ жастарды Отанды сүюге, өз отбасы үшін жауапкершілік танытуға және халқымыздың барлық игі дәстүрлерін сақтауға шақырды.
Василий Андреевич адамдардың өмірін сақтап қалуда табысты жұмыс пен ТЖ органдарының ардагері ретінде «Жеңдерінің құрғақ болуын» тіледі.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі