Қарағандыда орман өртін сөндіру бойынша ауқымды оқу-жаттығу өтті

Қарағандыда орман өртін сөндіру бойынша ауқымды оқу-жаттығу өтті

Өрт сөндірушілер мен орман шаруашылығы қызметкерлерінің жауынгерлік бөлімшелері Қарағанды қаласының Пришахтинск ауданының маңындағы қарағай орманы аумағында орман өртін сөндіруге дайындығын тексерді.
Практикалық оқу-жаттығудың жоспары бойынша өрт демалушылардың сөндірілмеген алауынан пайда болды. Ауа-райының ыстық болуы мен жел оттың кең таралуына әсер етті. Демалушылар жануды көріп, дереу "101"қызметіне қоңырау шалды.
Алғашқы өрт сөндіру құрамы шақыру орнына түскен хабарламадан кейін 11 минуттан соң келді. ТЖД Өрт сөндіру қызметінің кәсіпқойлары өрт сөндіру автоцистерналарын және аспалы өрт сөндіргіштері бар жаяу десантты қолдана отырып, өртті жоюға кірісті. Оқу-жаттығуға орман шаруашылығының күштері мен құралдары да қатысты.
Мұндай оқу-жаттығулар табиғи сипаттағы өрт туындаған кезде жедел ден қоятын бөлімшелердің бірлескен іс-қимыл алгоритмдерін пысықтауға мүмкіндік береді.
Қала тұрғындарынан және қонақтарынан орман аумақтарында жазғы демалыс кезінде:
- орман аумағында от жақпауларын;
- мангаларды тек орман алқаптарынан тыс жерлерде арнайы бөлінген, жабдықталған орындарда пайдалануын;
- мангалды қараусыз қалдырмауларын;
- шыны, линзалар қалдықтарын тастамаларын – өтінеміз.
Осы бұзушылық анықталған жағдайда 10-нан 100 АЕК-ке дейін әкімшілік айыппұлдар қарастырылған, егер зардап шеккен және ірі көлемде залал келтірілген жағдайда 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Алдағы күндері ТЖД және орман шаруашылығының қызметкерлері бірлесіп тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар жүргізетін болады, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған тұлғалар жауапкершілікке тартылады.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі