Қарағанды облысында өрт қауіпті кезеңнің өтуі

Қарағанды облысында өрт қауіпті кезеңнің өтуі

27 сәуірде өңірлік коммуникациялар қызметінде Қарағанды облысының аумағында өрт қауіпті кезеңнен өту мәселелері бойынша брифинг өтті. Спикерлер ретінде ТЖ депратаменті бастығының орынбасары Нұрлан Бекбосынов, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Бахтияр Санбаев және Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Данияр Баубеков сөз сөйледі.
Өрт қауіпті кезеңнің басталуымен Қарағанды облысының аумағында өрттер мен жану жағдайларының саны күрт өсті. Тек өткен демалыс күндері, 24-25 сәуірде Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері 190 рет, оның ішінде 182 рет ашық аумақта қоқыс пен құрғақ шөпті сөндіруге шықты. Оның туындауының негізгі себептері адами фактор болып табылады: отты абайсыз қолдану, қоқысты жағу, от жағу және т.б.
Сондай-ақ саяжай алқаптарындағы өрттер санының өсуі байқалады. Құрылыстар мен қоршауларға тікелей жақын жерде, қараусыз қалған аумақта қоқысты, құрғақ шөпті, өртеу салдарынан саяжай алқаптарында 17 өрт орын алды.
Орманды дала аумағындағы өрттер ерекше алаңдаушылық тудырады.
Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері облыс аумағында жалпы ауданы 285 га 16 дала жануы және 20,2 га алаңда 3 орман өрті тіркелді.
Орман өрттері мен дала жануының барлық фактілері ТЖД күшімен Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркімен және жергілікті атқарушы органдардың өртке қарсы ерікті құрылымдарымен бірлесіп жойылды.
Табиғи өрттер мен жанудың пайда болу себебі халықтың отты абайсыз пайдалануы болып табылады: сөндірілмеген сіріңкелер мен темекілер, демалыс орындарынан кейінгі сөндірілмеген алау, бақылаусыз немесе құрғақ өсімдіктерді жағу.
Қазіргі уақытта орман-дала алқаптарында ауыл шаруашылығы өндірушілерімен және азаматтармен өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау туралы үгіт-түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде.
Табиғи өрттердің алдын алу және оларды жою мақсатында орман және дала өрттерінің зілзала қаупін азайту және оларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары қолданылады.
Өрт қауіпті кезеңде облыстың Өртке қарсы қызметінің күштері мен құралдарын жоғары жауынгерлік әзірлікке келтіру тәртібі анықталды.
Сондай-ақ, төтенше жағдайларды бақылау, Қарағанды облысы аумағындағы орманды дала алқаптарындағы жану ошақтарын анықтау үшін ғарыштық мониторинг қолданылады.
Спикерлер облыс тұрғындарын өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға шақырды. Табиғатта болған кезде сіз өте мұқият болуыңыз керек: сөндірілмеген темекі тұқылдарын, сіріңкелерді тастамаңыз, сөндірілмеген отты, сондай-ақ сынған әйнекті қалдырмаңыз.
От жағу, қалдықтар мен ыдыстарды өртеу ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 метр қашықтықта жүзеге асырылуы тиіс. Ал желді ауа-райында от жағу мүлдем қолайсыз.
Көктемгі дала жұмыстарына келетін болсақ, оларды өткізгенге дейін дала жұмыстарына тартылған тұлғаларға орман-дала алқаптарындағы өрт қауіпсіздігінің негізгі шаралары туралы нұсқау берілуі тиіс; техниканы жарамды ұшқын сөндіргіштермен жабдықтау қажет; алдағы өртеу туралы ТЖД бөлімшелерін хабардар ету қажет. Бақылауға келмейтін өртті жүргізуге жол берілмейді. Сонымен қатар ауа-райының құрғақ, ыстық және жел болған жағдайда өртеу қолайсыз.
Орман аймағына, сондай-ақ елді мекендерге іргелес дала өрттерінің өтуіне жол бермеу мақсатында жырту жүргізу қажет.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі