
2021 жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстанда құтқарушыларды коронавирустық инфекцияға қарсы ерікті вакциналау жүзеге асырылуда.
Денсаулық сақтау Министрлігінің қаулысына сәйкес бірінші кезекте вакцинаны медицина саласының қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлері алады.
Қарағанды облысының ТЖД қызметкерлері пандемияның басынан бастап коронавируспен күресте алдыңғы қатарда болды, тәулік бойы қызмет етті.
26 сәуірде «QazVac» вакцинасын Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы Евгений Лохнов алды. Оның айтуынша, ол ойланбастан өзі үшін вакцинациялау туралы шешім қабылдады.
«Құтқарушылар басқа қызметтермен қатар осы аурумен күресу бойынша алдыңғы қатарда. Өз қызметкерлеріңізді және олардың отбасыларын қорғау маңызды. Сонымен қатар, вакцинация жақын арада бәрімізге өмірдің әдеттегі ырғағына ешқандай шектеусіз оралуға мүмкіндік береді. Сондықтан вакцинация COVID - 19 пандемиясын жеңу жолындағы басты қадамдардың бірі екенін барлығы түсінуі керек», - дейді Евгений Владимирович.
Онымен бірге оның орынбасарлары да екпе алды. Қарағанды облысының ТЖД-да барлығы 175 қызметкер екпе алды. Қызметкерлер екпені ерікті негізде алады.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі