Чернобыль апатының ардагерлеріне алғыс хаттар табысталды

Чернобыль апатының ардагерлеріне алғыс хаттар табысталды

Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа 35 жыл толуына орай 26 сәуірде Қарағанды қаласының Жеңіс саябағында еске алу іс-шарасы өтті.
Чернобыль АЭС апатын жоюға қатысқан ардагерлер Ермек Жұмабай, Дәуренбек Мыңжасаров, Николай Малыш, Зарзад Мартиросянға Қарағанды облысы ТЖ департаменті бастығының алғыс хаттары табыс етілді. Сондай-ақ, Чернобыль батырларының ескерткішіне гүл шоқтарын қою ұйымдастырылды.
Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары Ақылбек Ахметжанов әлемді өлім қаупінен құтқарған және апат салдарын еңсеруде күрделі міндет атқарған Чернобыль ардагерлеріне шын жүректен ризашылығын білдірді.
«Өз денсаулығы мен өмірін қауіпке тіге отырып, апаттың зардабын жою жолында күрескен қатысушыларды құрметтейміз. Сіздердің көрсеткен ерен ерліктеріңіз, батылдық пен күшті рухтарыңыз үшін алғыс айтамыз! Әрқайсыңызға шын жүректен денсаулық және ұзақ өмір тілеймін!» - деп атап өтті А.Ахметжанов.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі