Өткен тәулікте Қарағанды облысы ТЖД бөлімшелері 33 рет құтқару жұмыстарына шықты

Өткен тәулікте Қарағанды облысы ТЖД бөлімшелері 33 рет құтқару жұмыстарына шықты

20 сәуір күні Қарағанды облысы ТЖ департаментінің бөлімшелері дабыл бойынша 33 рет шықты. Оның ішінде өрттер мен жануларды сөндіруге 27 рет, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге 5 рет, бұл ретте 3 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылды.
20 сәуір күні таңертең сағат 09:38-де Қарағанды қаласындағы С.Рахимов көшесінде болған өрт туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде 80 шаршы метр аумақта тұрғын үй шатырының ағаш торлары жанған. Сондай-ақ, көрші үйдің сыртқы қабырғасының оқшаулағышы жоғары температурадан зақымдалған. Өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден сыйымдылығы 27 литр газ баллонын алып шықты. Қабылданған шаралармен өрт сағат 10:19-да сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі пештер мен түтін мұржаларын орнату кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу болуы мүмкін.
Сағат 22:48-де Жезқазған қаласында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Базарная көшесінде жапсарлас салынған шаруашылық құрылыстарының ағаш конструкциялары және жалпы ауданы 40 ш.м. тұрғын үйдің шатырының ішінара ағаш торлары жанған. Оқиға орында 1976 жылы туылған үй иесінің денесі табылды. Өрт 23:35 өшірілді. Өлімнің себебі анықталуда. Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы болды. Өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамынан 18 адам және 4 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Өрттерді және адамдардың қаза болуын болдырмау мақсатында Қарағанды облысы ТЖ Департаменті Өрт қауіпсіздігі ережелерін елемеу қаупі туралы ескертеді: отты абайлап ұстаңыз, пештер мен электр жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтаңыз. Есіңізде болсын: оларды сақтамау қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін!

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі