Тассуат ауылының тұрғындарымен кездесу өткізілді

Тассуат ауылының тұрғындарымен кездесу өткізілді

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің тапсырмасы бойынша әкімнің орынбасары Ермек Алпысов пен ТЖ департаментінің бастығы Мұрат Қатпанов Нұра ауданының Тассуат ауылының тұрғындарымен кездесті.
Ауыл тұрғындарымен кездесу барысында әкім орынбасары облыста болып жатқан жағдай туралы, оның ішінде жергілікті атқарушы органдардың, ТЖД бөлімшелерінің және жұмысқа тартылған ұйымдардың күшімен қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратты жеткізді.Жалпы облыстағы су тасқыны жағдайы тұрақты. Тұрғын үйлер мен нысандарды су басу фактілері жоқ. Өзендерде су деңгейінің төмендеуі байқалады.
Сондай-ақ, әкімнің орынбасары Тассуат ауылының тұрғындары пайдаланатын өткел нығайтылатындығын және Нұра өзені арқылы өтетін жаңа көпір салу туралы оң шешім қабылданғанын атап өтті. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу мәселесі қарастырылуда.
Сондай-ақ, Е.Алпысов 8 сәуірге қараған түні жоғалып кеткен 1958 ж.т. ер адамды іздестіру барысымен танысты. 11 сәуірде іздеу жұмыстары барысында Нұра өзенінен жоғалып кеткен ер адамның автокөлігі табылды. Оқиға орнында акватория, сүңгуірлік жұмыстар, өзен тралениднасын тексеру жалғасуда. Сүңгуірлік жұмыстарға мұздар кедергі келтіріп отыр. Қайықтардың қозғалысы үшін қолайсыз жерлерде квадрокоптер жұмылдырылды. Батпақты өтпейтін жерлерде іздеу жұмыстары жоғары өтімді «Трекол» қар-батпақты техникасында жүргізілуде. Сондай-ақ, жағалау белдеуін визуалды тексеру жүргізіледі.
Үш күн ішінде тралдау әдісімен 3 км, эхолотпен 2 км, квадрокоптермен 8 км акватория және 8 км визуалдытексеру жүргізілді.
Іздестіру жұмыстарына ТЖ департаментінің 11 адамы, 4 бірлік техникасы және 3 жүзу құралы, әкімдік пен халықтың 2 жүзу құралы, 6 бірлік техникасы, 10 адамы және полициядан 2 адам, 1 бірлік техника жұмылдырылды.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі