Нұра және Осакаров аудандары аумағындағы су тасқыны жағдайы ерекше бақылауда.
Нұра ауданында қардың қарқынды еруі салдарынан «Нұр-сұлтан-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» автожолының 104 және 122 шақырымында су ағулар тіркелді.
122 шақырымдаа қысқа мерзімді су ағуы тоқтады. 104 шақырымда көлік қозғалысы тоқтатылды. Сигналдық белгілер қойылды. Су ағуын жою бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Қайнар – Амантау» аудандық маңызы бар автожолының 7 шақырымында жол төсемі шайылып кетті. Жергілікті атқарушы органдардың күшімен кезекшілік ұйымдастырылды.
Нұра ауданының Нығман және жартылай Ақтүбек елді мекендері Кон өзенінің төгілу аймағында қалып отыр. Елді мекендерге қауіп төнір тұрған жоқ. Қорғаныс шаралары алдын-ала жүргізілген болатын.
Елді мекендерге қауіп жоқ.
Нұра ауданының Баршын және Кенжарық ауылдық округтері аумағында мұз кептелісін болдырмау мақсатында Құланөтпес және Жаман-Кон өзендерінің үш учаскесінде мұзды ұсақтау жұмыстары жүргізілді.
Су тасқыны жағдайы облыстық су тасқынына қарсы жедел штабтың бақылауында.