
Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы Бас ассамблеясының IX Резолюциясына сәйкес Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті және оның аумақтық бөлімшелері, азаматтық қорғау қызметтері мен облыс ұйымдары 2021 жылдың ақпан-наурыз айларында «Ұлттық экономиканы сақтау үшін күшті азаматтық қорғаныс» ұранымен Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне арналған іс-шаралар өткізді.
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу және су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде су басуға бейім ауылдық округтер мен кенттердің әкімдерімен және қалалар мен аудандар әкімдері аппараттарының азаматтық қорғау мамандарымен екі күндік қашықтықтан оқу-әдістемелік жиындар өткізілді. ОӘЖ қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың 91 өкілі оқудан өтті. Семинарды өткізуге жергілікті полиция қызметінің, «Қазгидромет» РМК Қарағанды филиалдарының, МАО, Қазсушар, ҚазАвтоЖол, Денсаулық сақтау басқармасының мамандары тартылды.
№1 МӨСБ базасында авариялық-құтқару техникасы, жабдықтары және медициналық көмек көрсету көрсетілімімен виртуалды экскурсия ұйымдастырылды.
АҚ жүйесінің ардагерлері, ТЖД қызметкерлері, АҚ және ТЖ мамандары облыстың жалпы білім беретін мектеп оқушыларымен интерактивті кездесу өткізді. Іс-шараға барлығы 2500-ден астам адам қатысты. Сондай-ақ, осы іс-шара аясында Азаматтық қорғаныс жүйесін дамытуға елеулі үлес қосқан ардагерлер мен ұйымдардың қызметкерлері Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының алғыс хаттарымен марапатталды.
Қарағанды қаласының ТЖ басқармасымен қаланың жалпы білім беретін мектептері арасында азаматтық қорғаныстың тарихын, мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру бойынша онлайн-конференция өткізілді.
Балқаш қаласының ТЖ басқармасымен интерактивті сабақ өткізілді, оған 17 мектептің 9-11 сыныптарынан 235 оқушы қатысты.
Теміртау қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлері азаматтық қорғаныс айлығы және құтқарушы мамандығын насихаттау шеңберінде бастауыш сынып оқушылары үшін «Ашық есік күнін» өткізді.
Наурыз бойы ТЖД және оның бөлімшелерінің қызметкерлері мектеп басшылығы мен педагогикалық құрам ұйымдастырған бірлескен мектеп іс-шараларына қатысты. Түрлі іс-шараларға 68 мыңнан астам оқушыны қамтитын 260 жалпы білім беретін мектептер мен кәсіптік лицейлер тартылды.
Қаланың мектепке дейінгі балалар мекемелерінің барлық жас топтарында тақырыптық сабақтар өткізілді. Жоғары оқу орындары мен колледждерде студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамды эвакуациялаумен жаттығулар өткізілді.
Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу құрметіне Қарағанды қаласының жалпы білім беретін мектептері арасында конкурстар мен спорттық эстафеталар өткізілді. Аталған іс-шараға қаланың 81 мектебі қатысты.
Шаруашылық жүргізуші объектілерде және ұйымдарда айлықты өткізу кезінде объектілік жаттығулар, авариялардың, зілзалалар мен апаттардың туындау қатері туралы авариялық жағдайлар бойынша жаттығулар өткізілді. Техногендік сипаттағы ТЖ туындаған кезде басшы, командалық-басшы құрамының және АҚ құралымдарының іс-қимылдары пысықталған құлақтандыру және байланыс құралдары дайындыққа келтірілді, нұсқаулық-әдістемелік сабақтар өтті. Ірі объектілерде штаб бастықтарымен радиоәңігемлер, салтанатты жиналыстар өткізілді.
Жалпы, 1 наурыз - Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай жоспарланған барлық іс-шаралар карантиндік талаптарды сақтай отырып, толық көлемде орындалды.
АҚ басқармасы