Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Н.С. Бекбосыновтың төрағалығымен облыстың азаматтық қорғау қызметтерінің және мүдделі ұйымдардың өкілдерімен ZOOM-конференция режимінде Қарағанды облысы ТЖД Дағдарыс жағдайларында басқару басқармасы су тасқыны кезеңінде әрекет ету бойынша кезекші-диспетчерлік қызметтер арасындағы өзара іс-қимылды және жедел ақпараттың өту тәртібін ұйымдастыру мәселесіне қатысты дөңгелек үстел өткізілді.
Негізгі баяндаманы ДЖББ бастығы азаматтық қорғау полковнигі Н.С. Интуев жасады, ол іс-шараға қатысушыларға Қарағанды облысы әкімінің халықты және аумақты су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі өкімін жеткізді. Диспетчерлік қызметтердің дайындығы және ТЖД ДЖББ-мен ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру бойынша өкімнің іс-шаралар жоспарының тармақтарын орындауға ерекше назар аударды.
Бұдан әрі су тасқыны кезеңінде ден қоюға дайындық туралы төмендегі филиалдардың «Қазгидромет» РМК, «ҰК» АҚ «ҚазАвтоЖол» және Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы өкілдері сөз сөйледі.
Іс-шара қорытындысы бойынша азаматтық қорғау полковнигі Н.С. Бекбосынов ақпаратты уақтылы беруді және су тасқыны кезеңінде әрекет етуді қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. ТЖД бөлімшелерінің жергілікті атқарушы органдармен, азаматтық қорғау қызметтерімен және мүдделі ұйымдармен ақпараттық өзара іс-қимылына ерекше назар аударды.
Қарағанды облысы ТЖД
Дағдарыс жағдайлардағы басқару басқармасы