
Көктемнің келуімен көшелерді, ғимараттардың аула аумақтарынсу басу проблемалары кездесіп жатады.
Көбінесе мұндай оқиғалар арықтар бітелген немесе болмаған жағдайда орын алады.
Құтқарушылар тұрғындардыауладан ағатын судың еркін өтуі үшін бар арықтарды тазалау және өз аумақтарында орындалатын басқа да іс-шаралардың уақтылы жүргізілуіне түсіністікпен және жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Айта кетейік, ТЖД қызметкерлері су басу қаупі төнген кезде қажетті әрекеттерді қолға алу бойынша түсініктеме жұмыстарын ұдайы жүргізеді. Насихаттық материалдар таратып, тұрғындармен кездеседі, аулаларды аралап, үй иелерін тұрғын үйлердің аулаларын қардан уақытылы тазарту қажеттігі туралы ақпараттандырады.
Су басуына жол бермеу үшін арық жүйесін уақтылы тазарту, қар шығару және жеке тұрғын үй секторының тұрғындары қабылдайтын басқа да алдын алу шаралары маңызды екенін еске саламыз.