
27 наурыз Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары Ақылбек Ахметжанов Шет ауданының су тасқыны қаупі бар учаскелерін аралады.
Аралау барысында Шопа селосы мен республикалық маңызы бар «Алматы-Екатеринбург» автожолының 1554, 1602 шақырымындағы көпірлердің жағдайы қаралды. Сондай-ақ Қызылқой, Ақсу, Қошқарбай ауылдарындағы қорғау біліктері мен су өткізу құрылыстарының жай-күйі тексерілді.
Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Шет ауданының елді мекендерінде жалпы ұзындығы 5500 метрден астам қорғау біліктерін тұрғызу және нығайту, каналдарды тереңдету және тазалау, сондай-ақ нөсер жүйесін орнату бойынша жұмыстар жүргізілді. Целинная және Жарылғап елді мекендеріндегі Жаман сарысу және Қарасай өзендері нығайтылып, түбі тереңдетілді. Манақ өзенінің арнасы тазартылды.
Жалпы су тасқыны жағдайы тұрақты. Қарағанды облысының су объектілерінде қысқы мұз қатуы байқалады.
Самарқанд және Ынтымақ су қоймаларынан 10 және 8 текше м/с көлемінде су ағызу жүргізілуде.
Су өткізу құрылыстарын тазалау бойынша жұмыстар жалғасуда.
Азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесінің авариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдарының күштері мен құралдарынан 6700-ден астам адам және 1600 бірлік техника тұрақты әзірлікте тұр.
Су тасқыны жағдайын бақылауды облыстық су тасқынына қарсы штаб тәулік бойы жүзеге асырады.