Қарағанды облысында 400-ден астам адам құтқарылды

Қарағанды облысында 400-ден астам адам құтқарылды

Өткен мереке күндері 20-24 наурыз аралығында Қарағанды облысы ТЖД бөлімшелері 51 рет авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді, оның барысында 400-ден астам адам құтқарылды.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 19-23 наурыз аралығында облыста дауылды ескерту жарияланған болатын. Ауа райының нашарлауына байланысты республикалық және облыстық маңызы бар автожолдар жабылды.
Жолдарда қалып қойған адамдарға көмек қажет болды. Қарағанды облысының ТЖД, полиция, жол қызметтері және жергілікті атқарушы органдардың күшімен құтқару операциялары жүргізілді.
Құтқару жұмыстары Ұлытау, Шет, Абай, Жаңаарқа, Осакаров, Нұра, Бұқар-Жырау және Ақтоғай аудандарының және Жезқазған өңірінің автожолдарында жүргізілді.
20 наурыз Шет ауданының «Қызылорда – Павлодар» автожолында Батық және Ақой елді мекендері маңында құтқару жұмыстары жүргізілді. ТЖД күштері қар құрсауынан жолдың тазартылған учаскесіне 20 жеңіл автокөлік шығарды, онда 60 адам болды. Сонымен қатар, қар құрсауында қалған автокөліктерден 68 адам, оның ішінде 15 бала құтқарылды. Құтқарылғандар Ақой және Красная поляна ауылдарына жеткізілді.
Абай ауданында Южный кентінің жанындағы «Қызылорда – Павлодар» автожолында ТЖД бөлімшелерінің күшімен жолдың тазаланған учаскесіне қар құрсауында қалған 5 жеңіл автокөлік шығарылды. 25 адам құтқарылды.
Ақтоғай ауданында Жалаңаш ауылынан 15 шақырым жердегі «Балқаш-Ақой» автожолында ТЖД, жергілікті атқарушы органдар мен полиция күшімен жолдың тазартылған учаскесіне 10 жеңіл автокөлік пен 1 автобус шығарылды. Барлығы 50 адам құтқарылды.
23 наурызда Осакаров ауданындағы «Алматы-Екатеринбург» және Жезқазған өңіріндегі «Қызылорда-Павлодар» автожолдарында қар кептелісінен 50-ден астам адам құтқарылып, эвакуацияланды.
Құтқарылғандар медициналық көмекті қажет етпеді.
Сонымен қатар, құтқарушылар өткен бес күн ішінде тұрғын үйде қамалып қалған адамдарды құтқару жұмыстарын жүргізді. Бақытымызға орай, барлық құтқару жұмыстары сәтті аяқталды.
20 наурыз Теміртау қаласы Республика даңғылында ТЖД қызметкерлері слесарлық құралды пайдалана отырып, пәтерге кіріп, алдыңғы есікті ашты. 2018 және 2020 ж. т. 2 бала құтқарылды.
21 наурыз Қарағанды және Балқаш қалаларында 1975 және 1960 ж.т. әйелдер құтқарылды.
23 наурыз Қарағанды қаласының Мамыраев шағын ауданында құтқарушылар слесарлық құралды пайдалана отырып, 32 жастағы әйелдің ісінген саусағынан сақинаны шығаруға көмектесті.
24 наурыз Сәтпаев қаласындағы Абай көшесінде 6 жасар бала құтқарылды.
Қарағанды облысының ТЖД қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертеді.