Қарағандылық құтқарушылар жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедектерге үй маңындағы аумақты қардан тазартуға көмектесуде

Қарағандылық құтқарушылар жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедектерге үй маңындағы аумақты қардан тазартуға көмектесуде

Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Қарағанды облысының аумағында жан-жақты практикалық іс-шаралар жүргізілуде. Соның ішінде, Қарағанды облысының ТЖД волонтерлермен бірлесіп, халықтың әлеуметтік осал топтарының үй жанындағы учаскелерін қардан тазарту жұмыстарын жүргізуде.
Қарағанды қаласында 30 игі іс акциясы аясында ТЖ департаментінің бөлімшелері мен волонтерлер жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедектер тұратын 20-дан астам үй учаскелерін қардан тазарту бойынша іс-шаралар өткізді.
Қазіргі уақытта облыс аумағында су тасқыны жағдайы тұрақты, барлық су айдындары әзірге қысқы режимде, өзендерде мұздың жүруі байқалмады.
Ғарыштық мониторинг деректері бойынша бүгінгі күні облыс аумағының 85% қармен жабылған.
Қазгидрометтің мәліметі бойынша облыс бойынша топырақтың қату тереңдігі 61-ден 150см-ге дейін.
Самарқанд және Ынтымақ су қоймаларынан санитарлық су босату жалғасуда.
Елді мекендерде қарды тазалау және шығару жұмыстару жүргізілуде. Бүгінгі күнге 1232 мың текше метр қар шығарылды.
Барлық маңызы бар автожолдарда су өткізу құрылыстарын тазалау бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде, шамамен 1900 су өткізу құбыры тазартылды.
Өткен жылы Қарағанды облысының 33 елді мекені аумағында 22 км-ден астам қорғау бөгеттері мен дуалдары салынды және нығайтылды; өзен арналарының су тасқыны қаупі бар учаскелерін 12 км қорғау жұмыстары жүргізілді; 65,5 км дренаж және су өткізу құбырлары тазартылды; жолдардың 74 учаскесінде су өткізу қабілеті жоғарылатылды.
Су тасқыны кезеңіне барлығы 6700 адам және 1600 бірлік техника дайындыққа келтірілді.
Басқару органдары үшін су тасқыны кезеңіне арнайы іс-қимыл алгоритмі жасалды.
Көп жылдық бақылаулар негізінде су басуы мүмкін және су тасқыны болуы мүмкін аймақта орналасқан 174 елді мекен анықталды. Олардың барлығы ерекше бақылауға алынды.
Сондай-ақ, автомобиль және темір жолдардың су тасқыны қаупі бар 139 учаскесі бақылауға алынды.
Тұрғындар үшін төтенше жағдайлар қаупі және туындауы кезіндегі іс-қимылдар бойынша арнайы ұсынымдар әзірленді, олар рейдтік іс-шаралар барысында таратылуда. Халықпен түсіндіру және үгіт-насихат жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп жатыр.
Жағдай тұрақты бақылауда.