
Өткен тәулікте 11 наурызда Қарағанды облысының ТЖД құтқарушылары ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімінің күштерімен бірлесіп Осакаров, Бұқар жырау, Жаңаарқа, Абай аудандарының, сондай-ақ Қарағанды және Теміртау қалаларының қар басқан трассаларынан адамдарды эвакуациялау бойынша жұмыстар жүргізді. Өткізілген іс-шаралармен 87 адам құтқарылды және эвакуацияланды.
Осакаров ауданында «Осакаровка-Нұра» автожолының 19 шақырымында тазартылған жол учаскесіне 3 автомобиль сүйретілді, олардың салондарында 9 адам болды. «Қызылорда-Павлодар» автожолында техникалық ақаулы автокөліктен 5 адам құтқарылып, Молодежный кентіне жеткізілді.
Бұқар жырау ауданында техникалық ақауы бар жеңіл автокөліктен 5 адам құтқарылды. Сонымен қатар, Бұқар жырау ауданының Қарақұдық ауылынан Қарағанды қаласының ауруханасына әйел жеткізілді.
Жаңаарқа және Абай аудандарында қар құрсауында қалып қойған автомобильдерден 5 адам құтқарылды.
«Қарағанды-Теміртау» автожолында кептелісте тоқтап қалған жеңіл және қоғамдық көліктерден 54 адам Теміртау қаласына жеткізілді.
Сондай - ақ, құтқару жұмыстары «Қарағанды қаласына кіреберіс» және «Сұрыптау-Пришахтинск» автожолдарының учаскелерінде жүргізілді.
Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін жеке құрамнан 35 адам және 13 бірлік техника жұмылдырылды.
Қарағанды облысының ТЖД ауа райы нашарлаған кезде ұсынады:
- елді мекендерден тыс жерлерге шықпаңыз!
- жабылу орындарында автожолдарда көлік құралдарының жиналуына жол бермеу керек!
- мүмкіндігінше елді мекендерде, кемпингтерде, жол бойындағы кафелерде орналасу қажет!
- ауа-райы нашарлаған кезде, әсіресе түнде, алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартыңыз!
- ауа-райының өзгеруіне сәйкес киініңіз!
Барлық оқиғалар мен ТЖ фактілері туралы 112 немесе 8(7212) 43-36-36, 43-37-37 телефондары арқылы хабарласуға болады.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі