Қарағанды облысында Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның облыстық отырысы өтті

Қарағанды облысында Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның облыстық отырысы өтті

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның облыстық отырысы өтті. Отырыс барысында су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері талқыланды.
Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұрат Қатпанов өңірде жүргізіліп жатқан алдын алу іс-шаралары туралы ақпарат берді.
«Қазгидрометтің мәліметтері бойынша облыс бойынша топырақтың қату тереңдігі 61-ден 150 см-ге дейін құрайды. Самарқанд және Ынтымақ ірі су қоймаларынан санитарлық су жіберу жүргізілуде.
4-5 наурызда «Көктем-2021» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті, оның барысында алдын алу іс-шаралары іс жүзінде пысықталды. Екі күн ішінде 6 мың метрге жуық арықтар, каналдар, 280 су өткізу құбырлары тазартылды, 27 мың текше метрден астам қар шығарылды, 2 мың метр қар траншеялары кесілді», - деп атап өтті М.Қ. Катпанов.
Су тасқыны кезеңінде жеке құрамның 6700 адамы мен 1600 бірлік техникасы есебінде азаматтық қорғаудың облыстық кіші жүйесінің күштері мен құралдарын тарту жоспарлануда. Темір жол бөлімшелері 4 станцияда шаюға қарсы поездар құрады.
Басқару органдары үшін су тасқыны кезеңіне арналған іс-қимылдардың арнайы алгоритмі әзірленді.
Тұрғындар үшін рейдтік іс-шаралар барысында таратылатын төтенше жағдайлар қаупі және туындауы кезіндегі іс-қимылдар бойынша арнайы ұсынымдар әзірленді. Тұрғындармен түсіндіру және үгіт-насихат жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі.
ТЖД бастығы елді мекендердегі қарды тазалау және шығару, сондай-ақ барлық маңызы бар автожолдардағы су өткізу құрылыстарын тазалау бойынша жұмыстарды жандандыру қажеттігін атап өтті.
Облыс әкімі гидротехникалық құрылыстардың, автожолдардың, көпірлердің жай-күйі, қажетті материалдар мен керек-жарақтарды дайындау мәселелері бойынша қалалар мен аудандардың әкімдерін, облыстық басқармалар мен ұйымдардың басшыларын тыңдады.
Кеңес қорытындысы бойынша су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуін барынша қамтамасыз ету бойынша бірқатар міндеттер жүктелді.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі