
2021 жылдың 20 ақпанында Ақтөбе қаласында кәсіби спортшылар арасында кір тасын көтеру спортынан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Қарағанды облысы құрамасының құрамында Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің екі қызметкері қатысты: №11 өрт сөндіру бөлімінің инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Александр Комаров және №14 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау старшинасы Дмитрий Пацук.
Александр осы жылдың сәуір айында Ташкент қаласында (Өзбекстан) өтетін Азия чемпионатына лицензия алып, тартысты күресте чемпионаттың күміс медалін жеңіп алды.
Дмитрийде бұл екінші республикалық Чемпионат. Ол жүлделі үштікке кіре алмады, бірақ ол өзінің жеке рекордын орнатты және спорт шеберіне үміткердің нормативін орындады.
Комаров Александр кір тасын көтеру спортынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, студенттер арасында әлем чемпионы, кәсіпқойлар арасында Әлем Чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері, Еуропа чемпионы, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы.
Дмитрий Пацук, кір тасын көтеру спортымен аз уақыт айналысқанына қарамастан, бұл спортың түрінен облыстық жарыстардың чемпионы және жүлдегері болып табылады.
Нұрайым Кенжехан,
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі