Мария Павловна Даниленко: «Егер мені есіне алса, шақырады, құттықтайды, демек, мен әлі өмір сүремін, ал егер ұмытса – демек, мен жоқпын»,- дейді. Мария Даниленко өзін бақытты әйел атайды. Өйткені ол соғысты жеңді, өзінің жарымен ұзақ әрі бақытты өмір сүрді, қызын өмірге алып келді, немересін өсірді және оның сүйікті жұмысы болды.
Бүгін Ұлы Отан соғысының еңбек ардагері Мария Павловна 90 жылдығын атап өтті. Осы мерейтой күні Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Марат Әбілсейтов және "Қарағанды облысы ТЖ органдары ардагерлерінің Қазақстандық ұйымы" ҚБ филиалының төрағасы Берік Абдраев құттықтады.
Мария Павловна Даниленко 1931 жылы 2 наурызда Воронеж облысы, Байчуровск ауданында, Горелка қаласында дүниеге келген.
«Ұлы Отан соғысы басталған кезде, мен 11 жаста едім,- дейді Мария Павловна. Бұл - үрейлі соғыс еді. Воронеж облысында күшейген бомбалаулар біздің жаққа бір жарым жыл шабуылдаудан кейін басталды. Бізден бірден Борисоглебск қаласындағы торапты станция Погориноға көшірді. Бірақ бұл жерде де «неміс» бізді жайымызға қалдырмады, ұрысқа дайын әскерлерді, темір жолды бомбалауды жалғастырды. Әкем теміржолда жұмыс істегендіктен, біз шамамен вокзалдан 5 метрдей жерде тұрдық. Менің әкем азаматтық және құрамдық соғыстан өтіп, онда жарақат алды, сондықтан оны майданға алған жоқ, бірақ оны теміржолды күзетуге қалдырды, өйткені ол маңызды стратегиялық аймақ болып табылады. Бас тартуға болмайды – атып тастайды. Жұмыс өте ауыр болды. Жау десанты және өз қатарындағы сатқындарды үнемі рельстегі жолға бұру тетігінің бұрандасын бұруға қойды. Біз балалар, шамамыз келгенше көмектестік. Түндерді ұйқысыз өткіздік, жау әрекеті туралы ата-анамызға хабарлау үшін шатырда отырдық, бақыладық. Үнемі ауадан бомбалады. Оқтар құрамға түскенде, вагонды әскерлер 3-4 шақырымға дейін ұшатын. 16-17жастағы балалар мыңдап өлді. Мұның бейнесі өте қорқынышты болды. Біздің мектептің 5-6 сынып оқушылары топпен: көптеген ұл балалар, аздаған қыз балалар әскердің дене бөлігін жинаумен жүрді. Кезкелген қыз бала бұл бейнені көруге төзе алмады. Бірақ ең бастысы, әскердің жеке тұлғасын ажырату үшін киімдерінің қалтасынан құжаттарын алды. Күтіп жүрген анасы, жарысы бар ғой. Құжаттарын біз мұғалімдерге тапсырдық, ал олар оны әскеркоматқа жіберді. Қаза тапқандарды жалпы бейітке қойды.
Жиі бізден тыс эшалондар мен тұтқынға түскен еврейлер мен итальяндықтар өтіп жатты. Станцияларда оларды мал жүктеген вагонға тигендіктен, оларға перронға шығуға және таза ауамен тыныс алуға рұқсат етілді. Анам айналып жүріп тұтқындарға сүт берді. Сол үшін олар киімдерін шешіп, бізге бәтеңкелерін, шәрпілерін берді. Мен бірнеше жыл итальяндық бәтеңкеде жүргенім есімде.
Бомбалауға енді төзу мүмкін болмағандықтан, әкем бізді станциядан 12 шақырым қашықтықта ауылға жіберді. Күндіз малды асырау үшін алқаптан шөп тасыдық, ал түнде майданға жылы киімдерімізді алдық: шұлық, қолғап, шәрпі.
Қыста біз жұмыстан кешкі сағат 5 те қайттық. Қараңғы. Кешкі асымызды ішіп, оның өзінде кейде кешкі асқа тек ыстық су болатын. Сосын анамыздың қасында аздаған уақыт жатып, демалып, қайта жұмысқа кетеміз. Таңғы сағат 3-ке дейін тоқыма бізбен отырып, ал сағат 9.00- да қайтадан жұмысқа барамыз. Жазда – жүгері, қызылша саламыз. Күзде - өнімді жинау басталады. 1944 күзінде есімде, мен жалғыз қыз баламын алқаптан 50-килограмдық қапты астықты диірменге апарып, ал кері қайтарда ұн тасыйтынбыз. Жалықтырды, аяқтан тік тұра алмай шаршадық. Бізге, балалар үшін, кейде комбаинның (бұрын комбайндар станционарлы, қозғалмай тұрып астық басатын) қасында жарты сағат ұйықтауға рұқсат етілді. Сосын бізді оятатын. Бізсіз жұмыс жүрмейтін. Біз кішкентай болсақ та, үлкен көлемді жұмыстар орындайтынбыз. Соғыс аяқталды, бірақ аштық жалғаса берді.
1945 жылының өнімінен кейін маған 14 жасар қыз балаға бір қап ұн мен бір бидон сұйық май берді. Үйге алып келгенде, анам тізерлеп тұрып, «Рахмет саған қызым, өмір бойы мені асырадың», - деді.
Әкем жараланып, қаза болды. 1949 жылы біз анаммен Ресейден Қазақстанға Жезқазған қаласына үлкен әпкемізге көшіп бардық. Мен алдымен мыс қорытатын өндіріс комбинатына жұмысқа тұрдым, ал ол жерден жарты жылдан кейін МҚК жұмысқа жіберді. Тұрмысқа шықтым. Қыз балаға кішкентайлы болдым. Ал одан кейін, Қарағандыға МҚК жіберіліп, жұбайыммен көшірілдік.
Осы уақыттан бастап, біздің отбасы үшін өртке қарсы қызметпен байланысты өмір басталды.
Ең алдымен өрт сөндіру күзетіне диспетчер болып менің жұбайым Владимир Петрович Даниленко орналасты. Одан кейін хатшылыққа мені де шақырды. Бірнеше уақыттан кейін жұбайым жедел күзетшілікке тұрды, содан кейін тегеуші болды, ақыры сынау зертханасын басқарды. Ал мен мемлекеттік өрт сөндіру бақылауына ауыстырылдым. Солай, 27 жыл өрт сөндіру күзетінде қызмет атқардым.
Өрт сөндіру күзетінің басқармасының бастығы болған Роман Ильич Хутим менің жұмысыма риза болды. Егер Министрлікте мәселе туындаса, ол ылғи мені шақырды және мәселелік жағдайлардың жоғары басқармасын анықтауды бұйыратын. Мәскеуден хабарласқаннан кейін (ҚББ одақтық республикаға тәуелді ішкі істер Министрлігі) маған сыйақы мен ризашылық білдіруін бұйырды. Мен мақтанышпен айтамын, тыл енбекшісі медалінен басқа Кеңестік еңбек Екпіндісі шені және көптеген мақтау қағаздар мен жүлделерге, сонымен қатар «Ішкі істер бөлімінде ұзақ жылдар адал еңбек еткені үшін» жүлделерге ие болдым.
Жұбайымды да кәсіби сапалылығы үшін өте жоғары бағалады. ІІБ бастығы ауыр өрттерге барғанда, Владимира Петровичті өзімен алып жүрді. Ол бірде-бір тергеуші менің жұбайым секілді өртті «анықтай» алмайды. Оны тіпті Шерлок Холмс деп атады. Мен әрине Шерлок Холмстің жары болдым»,- деп күледі менің әнгіме айтушым.
Қызым өскенде, политехникалық институтты аяқтағаннан кейін, өрт сөндіру күзетіне жұмысқа орналасты. Ольга инспектор болып орналасқан жердегі Мемлекеттік өрт сөндіру бақылау бастығы онымен әңгіме өткізді. Бірақ, ата-анасының керемет атағы болса да, басшы жағынан жеңілдік болмайтынын ескертті: «Егер жауапсыз жұмыс істесеңіз, жұмыстан шығарамын»-деп. Бірақ қызым меңгеріп алды. Алдымен инспектор бөлімінде, одан кейін диспетчер болып қызмет атқарды.
Немересі Светлана азаматтық қорғау органдарында көп жыл жұмыс істеді.
«Жалпы алғанда, біздің отбасының өртке қарсы қызмет бөлімінде және ТЖД-ғы еңбек тәжірибесі 100 жылдай болады»- деп әзілдейді өртке қарсы қызметтің еңбегі сіңген ардагері.
Біздің қызметіміздің ардагеріне мықты денсаулық және ұзақ өмір тілейміз!
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі