«Көктем-2021» РКШОЖ шеңберінде практикалық жаттығулар облыстың барлық қалалары мен аудандарында алдын алу іс-шараларын орындаумен өткізілді. Жалпы Қарағанды облысы бойынша оқу-жаттығуға 1000 адамнан және 270-тан астам бірлік техника жұмылдырылды.
4-5 наурызда практикалық іс-қимылдарды пысықтау шеңберіндетасқын суларды өткізуге 4000 метрден астам арық, 1500 метрден астам канал, 280 метр су өткізу құрылғысы тазартылып, дайындалды.2100 метрден астам қар траншеялары кесілді.
Елді мекендерден 27000 текше метрден астам қар шығарды. Халықтың әлеуметтік осал топтарының 111 отбасына үй маңындағы учаскелерді қардан және үйлердің шатырларынан мұзды тазарту бойынша көмек көрсетілді.
Мүгедектер мен жалғызілікті зейнеткерлерге медициналық-психологиялық көмек көрсетілді.
Көктемгі кезеңге сапалы дайындық мақсатында Қарағанды облысының аумағында облыстың елді мекендері мен объектілерін тасқын суларынан қорғау бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді, онда облыс аумағында тасқын суларды қабылдау және транзиттеу бойынша нақты іс-шаралар белгіленді.
Су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары ерекше бақылауда.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі