Қарағанды облысындағы «Көктем-2021» РКШО бірінші күнінің қорытындысы

Қарағанды облысындағы «Көктем-2021» РКШО бірінші күнінің қорытындысы

Ағымдағы жылы «Көктем-2021» командалық–штабтық оқу-жаттығулары дәстүрлі тәртіптегі жиындарсыз өтуде. Су тасқынына қарсы практикалық іс-шаралар ғана пысықталуда, мысалы:
- елді мекендерді қардан тазарту,
- су өткізу құбырларын, нөсер жүйесін, су тасқыны қаупі бар өзендердің арналарын тазалау,
- инертті материалдар мен қаптарды дайындау,
- халықпен үгіт жұмыстарын жүргізу және т.б.
Оқу-жаттығудың бірінші күні Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Е.А. Алпысов елді мекендердің су тасқыны кезеңіне нақты дайындығын тексерді.
Қарағанды қаласының Космонавтар, Штурманская, Памирская көшелерін аралады. Теміртау қаласында Огородная көшесі, Мырза станциясы және Ақтау кенті қаралды. Сондай-ақ, Чкалово кентінде, Ғ.Мұстафин атындағы ауылда, сондай-ақ Нұра өзенінің арнасындағы жұмыс барысы тексерілді.
Оқу-жаттығудың бірінші күні азаматтық қорғау күштері практикалық іс-қимылдарды пысықтау шеңберінде елді мекендерден 23500 текше метрден астам қар шығарды. Халықтың әлеуметтік осал топтарының 107 отбасына үй маңындағы учаскелерді қардан және үйлердің шатырларынан мұзды тазарту бойынша көмек көрсетілді.
Тасқын суларды өткізуге 67 арық, 19 канал, 314 су өткізу құрылғысы тазартылып, дайындалды.
Оқу-жаттығу шеңберінде барлығы 980 адам мен 247 бірлік техниканың қатысуымен 100 практикалық іс-шара өткізілді.
Су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жалғасуда.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі