Қарағанды облысында «Көктем-2021» РКШО басталды

Қарағанды облысында «Көктем-2021» РКШО басталды

Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру, басқару органдарын, күштер мен құралдарды алдағы көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындау мақсатында 4-5 наурызда «Көктем-2021» Республикалық командалық–штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.
Оқу-жаттығудың бірінші күні Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысов оқу-жаттығудың барлық қатысушыларының алдында «Көктем-2021» РКШО өткізу кезеңіне міндеттер қойды. Әрбір өңірге практикалық іс-қимылдарды пысықтау үшін жеке кіріспе тапсырмалар айқындалды.
Оқу-жаттығу, сондай-ақ алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде Қарағанды облысының аумағында су тасқынына қарсы шаралар кешені жүргізілуде: халықты және басқару органдарын төтенше жағдай туралы хабардар ету, су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайлар қаупі және туындауы кезінде авариялық-құтқару және жедел жұмыстарды жүргізу бойынша барлық қызметтердің іс-қимылдары; эвакуациялық пункттердің жай-күйін тексеру, эвакуациялау бағыттарының мәселелері пысықталуда.
Автомобиль және теміржол көпірлерінің мұз бен тасқын суларды өткізуге арналған су өткізу құрылыстарын, арықтарды, арналарды тазалау және дайындау, қорғау бөгеттері мен үйілме құрылыстарды нығайту бойынша іс жүзінде іс-шаралар орындалуда.
Сондай-ақ, елді мекендерден қар шығару, ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ үй маңындағы учаскелерді, әсіресе халықтың әлеуметтік топтарын қардан және мұздан тазарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Іс-шаралар облыстың барлық өңірлерінде өткізілуде.
Өңір әкімінің орынбасары Ермек Алпысов ТЖД бастығы Мұрат Қатпановпен бірлесіп Қарағанды, Теміртау қалаларында және Бұқар Жырау ауданының елді мекендерінде жүргізіліп жатқан тәжірибелік жұмыстардың барысын тексерді.
Алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық 2020 жылдың жаз айында басталған болатын.
Қарағанды облысының 33 елді мекені аумағында (Жаңаарқа, Абай, Осакаров, Шет, Қарқаралы, Ұлытау аудандарының, Қарағанды және Теміртау қалаларында) 22 км-ден астам қорғау бөгеттері мен дуалдары салынды және нығайтылды, өзен арналарының су тасқыны қаупі бар учаскелерін 12 км қорғау жұмыстары жүргізілді, 65,5 км дренаж және су өткізу құбырлары тазартылды, жолдардың 74 учаскесінде су өткізу қабілеті жоғарылатылды.
2015 жылдан бастап барлығы 174 елді мекен аймағында 220 км қорғаныс бөгеттері мен біліктері салынды және нығайтылды, 76 км өзен арналарында қорғау жұмыстары жүргізілді.
Қарағанды облысының аумағында су тасқыны қаупі бар 174 елді мекен ерекше бақылауда тұр.
Су тасқыны қауіпті учаскелеріне әуеден бақылау және тексеру жүргізіліп жатыр.
Ағымдағы жылдың қаңтар айынан Самарқанд және Ынтымақ су қоймаларынан санитарлық ағызу жұмыстары басталды. Бүгінгі күні ағызылатын су көлемі тиісінше секундына 2 және 8 куб метрді құрады.
Барлық гидроқұрылыстар ерекше бақылауда.
Алдын алу және жою жұмыстарын жүргізу үшін 6700-ден астам адам, 1600 бірлік техника дайындалды.
Жалпы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жүргізілуде және тұрақты бақылауда.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі