1 наурыз күні сағат 1:45-те Қарағанды қаласының Шахтерский шағын ауданында улы газбен улану туралы хабарлама келіп түсті. Қатты отынмен жылытылатын пештерді пайдалану ережелерін бұзу салдарынан 1941 және 1978 жылы туған әйелдер мен он төрт және он жеті жастағы екі қыз улы газбен уланып, ауруханаға жатқызылды.
Уланудың себебі мұржаның кірпіштегі сынықтары мен тығыз еместігінен болды.
Қазір екі қыз да облыстық ауруханада жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауыр деп бағалайды. Ересектер ауруханаға жатудан бас тартты.
Өрттер салдарынан адамдардың қаза болуы мен жарақаттануының болдырмау мақсатында Қарағанды облысының ТЖ департаменті халық арасында тұрақты негізде үгіт-профилактикалық шараларын жүргізеді. Жылыту маусымы басталғаннан бері 176 мыңнан астам адамды қамти отырып, 64 мыңнан астам тұрғын үй секторын аралау жүргізілді. 2020 жылдың тамыз айынан бастап көп балалы және аз қамтылған отбасылардың үйлеріне 867 датчик орнатылды, оның 150-і түтінд, 717-і улы газ датчигі.
Алдын алу жұмыстарына қарамастан, өрт шықпай улы газбен уланудан 2 адам көз жұмып, 25 адам жарақат алды.
Қарағанды облысының ТЖД тұрмыстағы қауіпсіздік шараларының талаптарын сақтауды еске салады. Жылыту жүйесін үнемі тексеріп, қажет болған жағдайда жөндеу ұсынылады. Ақаулы пештерді, қазандарды, электр қыздырғыш және газ аспаптарын пайдалануға болмайды. Мұржаны жиналған күйеден тазарту ұсынылады. Ашық есіктері бар пешті жақпау, пешті бензинмен, керосинмен немесе басқа да тез тұтанатын сұйықтықтармен жақпау, пешті қараусыз қалдырмау және жанып жатқан пештерді балаларға қадағалауды тапсырмау.
Сондай-ақ, электр аспаптары мен электр сымдарын жарамды күйде ұстау қажеттігі туралы еске саламыз. Электр желілерін шамадан тыс жүктемеңіз.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі