Ағымдағы жылдың 1 наурызы Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу қарсаныңда Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінде облыстың жалпы білім беретін мектептерінің, орта-арнайы оқу орындарының және жоғары оқу орындарының оқушылары үшін интерактивті салтанатты іс-шара өткізілді. Іс-шара азаматтық қорғаныс жүйесі ардагерлері мен азаматтық қорғау ұйымдары мамандарының қатысуымен өтті. Онда барлығы 2500-ден астам адам қатысты.
Іс-шара Қарағанды облысы ТЖ департаментінің бастығы Мұрат Қатпановтың сөзімен басталды: «Жыл сайын 1 наурызда Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні белгілі бір ұранмен атап өтіледі. 2021 жылдың ұраны «Ұлттық экономиканы сақтау үшін мықты азаматтық қорғаныс». Бүгін Төтенше жағдайлар департаментінде Азаматтық қорғаныстың құрметті ардагерлері және азаматтық қорғаныс саласындағы ерекше көзге түскен мамандар бар, олар сіздердің сұрақтарыңызға жауап беріп, өмірлік тәжірибелерден мысалдар келтіреді».
ТЖД АҚ басқармасының аға офицері Марлен Бахтияр «Азаматтық қорғаныс, әуе шабуылына қарсы қорғаныс және Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының пайда болуы» тақырыбында ақпараттық дәріс оқыды.
Азаматтық қорғаныс жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ұйымдардың ардагерлері мен қызметкерлеріне Қарағанды облысы ТЖ Департаменті бастығының алғыс хаттары табыс етілді.
Бұл күні жоғары оқу орындарында, мектептерде, мектепке дейінгі мекемелерде және басқа да оқу орындарында арнайы сабақтар өткізіледі, ойындар, жарыстар, конкурстар ұйымдастырылады, олардың барысында қатысушылар өзін-өзі қорғаудың қажетті дағдыларын игереді, әртүрлі дағдарыс жағдайлары туындаған кезде өзін және басқаларды құтқаруды үйренеді.
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу шеңберіндегі іс-шаралар бір ай бойы жалғасын табады.
АҚБ аға офицері
аға лейтенант Бахтияр М.А.