Құтқарушылар Қарағанды облысының трассаларында адамдарға көмек көрсетуде

Құтқарушылар Қарағанды облысының трассаларында адамдарға көмек көрсетуде

Өткен демалыс күндері Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты барлық бағыттар бойынша жолдар жабылған болатын.
28 ақпаннан бастап облыстық ТЖД бөлімшелерімен 10 бірлік техника қардан шығарылып, 39 адам құтқарылды және 12 адам эвакуацияланды.
Тұрғындарды эвакуациялау үшін жолдардың жабық учаскелерінде жылыту пункттері жұмыс істеуде.
Қазіргі уақытта ауа-райының нашарлауына байланысты (боран, көрінудің шектелуі) «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ деректері бойынша 8 автожол учаскесінде, оның ішінде 8 Республикалық маңызы бар автожолдарда автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабық күйінде қалып отыр:
- «Екатеринбург-Алматы» а/ж (1492 – 1854 км, Қарағанды-Балқаш қ.);
- «Нұр-сұлтан-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» а/ж (51-266 км, Ақмола облысының шекарасы-Теміртау қаласы);
- «Қалқаман-Баянауыл-үміткер - Керней-Ботақара» а/ж (231-324 км, Ботақара кенті-Павлодар облысының шекарасы);
- «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» а/ж (17-217 км, Қарағанды-Қарқаралы қаласы);
- «Екатеринбург-Алматы» а/ж (1457-1446км, Қарағанды - Теміртау қаласы);
- «Қызылорда-Павлодар» а/ж (906 – 429 км, Топар кенті-Жезқазған қаласы);
- «Екатеринбург-Алматы» а/ж (1457-1503 км, «Солтүстік-шығыс айналма жолы» уч.);
- «Қарағанды қаласына кіреберіс» а/ж (0 – 16 км, Пришахтинск-сұрыптау).
Қарағанды облысының ТЖД-де жедел штаб жұмыс істейді. Жедел штабта уақтылы ақпараттық-психологиялық көмек көрсету үшін «Қауырт желі» жұмыс істейді. Қауырт желі телефоны-51-72-23.