
2021 жылғы 17 ақпанда алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық, жауынгер-құтқарушылардың дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ "Көктем-2021" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына дайындық мақсатында Қарағанды қаласында орналасқан ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімінде "2021 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға әскери бөлімнің жеке құрамын даярлау" тақырыбына тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізілді.
Таңғы сағат 7: 30-да бөлімнің жеке құрамы "Жиналу" сигналы бойынша көтеріліп, бір колоннамен шоғырлану ауданына қарай беттеді. Шеру барысында жеке құрам авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша іс-қимылдарды пысықтады.
Бастапқы ауданға келгеннен кейін жедел штаб, медициналық пункт, тіршілікті қамтамасыз ету элементтері бар шатырлы лагерь құрылды.
Шоғырландыру ауданында басқару органдарының ұйымдастырушылық және практикалық қызметі мәселелері пысықталды, көктемгі кезеңде су тасқыны салдарын жою бойынша әзірленген іс-қимыл жоспарларының шынайылығы және ықтимал су тасқыны салдарларының төтенше жағдайларын алдын алу және жою бойынша басқару органдарының дайындық деңгейі мен қабілеті тексерілді.
Жеке құрамның алдына қойылған міндеттер толық көлемде орындалды. Нәтижесінде қиын климаттық және жол жағдайларында шеру жасаған кезде жүргізуші құрамының практикалық дағдыларын жетілдіру, барлық дәрежедегі командирлердің командирлік даярлығын арттыру, сондай-ақ далалық жағдайларда жеке құрамның қажетті білімдерін жетілдіру болды.
Мұндай оқу-жаттығулар жеке құрамның дайындығы жөніндегі міндеттерді орындау үшін негізгі және неғұрлым тиімді нысаны болып табылады.
Тактикалық-арнайы оқу-жаттығуға ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімінің 110 адамы мен 19 техникасы жұмылдырылды.
Нұрайым Кенжехан,
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі