Өткен тәулікте өрт сөндірушілер мен құтқарушылар құтқару жұмыстарына 15 рет шықты

Өткен тәулікте өрт сөндірушілер мен құтқарушылар құтқару жұмыстарына 15 рет шықты

17 ақпанда Қарағанды облысы ТЖД бөлімшелері 15 рет құтқару жұмыстарына шықты, оның ішінде өрттер мен жану оқиғаларына 7 рет, авариялық-құтқару және іздестіру жұмыстарын жүргізуге 8 рет. 4 адам құтқарылды, оның 2-і бала.
Қарағанды қаласы Сталелитейная көшесінде құтқарушылар үш иінді баспалдақпен терезеден пәтерге кіріп, ішінен есікті ашты, 2016 жылғы бала құтқарылды.
Осындай жағдай Осакаров ауданында да орын алды, құтқарушылар арнайы құралдың көмегімен есікті ашып, пәтерге кірді. 2014 жылы туған бала қанағаттанарлық жағдайда табылды.
Қарағанды қаласы Карбышев көшесінде құтқарушылар слесарлық құралды пайдалана отырып, кіреберіс есікті ашты. 1971 ж.т. ер адам құтқарылды.
«Сахалин» автокешенінің жанында К.Маркс көшесінде сағат 22:12-де жылу трассасының коллекторында 10 ш.м. алаңда қоқыс жанды, өрт сағат 22:33-те жойылды. Жылу трассасының жанында 1983 жылы туған әйелдің жанған мәйіті табылды. Өлімнің мән-жайы анықталуда.
Нұра ауданы Ақмешіт ауылдық округінде 1970 жылы туған ер адамды іздеу жұмыстары жүргізілді, ол 16 ақпан күні таңертең аэрошаналармен қыстаудан мал іздеуге шығып, қайтып оралмаған. Іздестіру жұмыстарына ТЖД, полиция бөлімінің, жергілікті атқарушы органдардың күштері, жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Жоғалған адамды Кертінді ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 10 км жерде жергілікті тұрғындар тапты. Медициналық көмек қажет болмады.