Төс белгімен марапатталды

Төс белгімен марапатталды

Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және Республика аумағындағы қар құрсауының салдарын жоюға белсенді қатысқаны үшін Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бас құтқарушысы Әркен Зарубаев «Төтенше жағдайлардағы ерлігі үшін» төс белгісімен марапатталды.
Зарубаев Әркен Зарубайұлы 1983 жылы туған. Азаматтық қорғау жүйесінде 2012 жылдан бастап қызмет етеді. Күрделі авариялық-құтқару және басқа да жедел жұмыстарды жүргізуде үлкен тәжірибесі бар. «Дарьял–У» радиолокациялық станциясының құлау салдарын жоюға, жылыту жүйесін ерітуге, Көкпекті кентіндегі су басу салдарын жоюға, жоғалған адамдарды іздеуге қатысты. 3-сыныпты құтқарушы маман, жас қызметкерлердің тәлімгері болып табылады.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі