Қарағанды және Теміртаудың жылыту пункттері енді 2ГИС-те бар

Қарағанды және Теміртаудың жылыту пункттері енді 2ГИС-те бар

Қысқы кезеңде әртүрлі қолайсыз ауа райы жағдайларында (боран, бұрқасын, тұман) автомобиль жолдарында қауіпті. Сондықтан автожолдардың кейбір учаскелерін жабу немесе оларда қозғалысқа шектеулер енгізу қажеттілігі жиі туындайды. Жүргізушілер мен жолаушылар қыс мезгілінде бірнеше сағатқа кептеліске түсіп қалуы мүмкін.
Осыған байланысты, жазатайым оқиғалардың алдын алу, жүргізушілер мен жолаушылардың уақытша орналастыру және жылыту орындарын іздестіру процесін жеңілдету мақсатында Қарағанды облысының ТЖ депараменті «2ГИС анықтама – Карағанды» ЖШС-мен бірлесіп, «2ГИС анықтамалығына» халықты уақытша орналастыру және жылыту орындары туралы деректерді (атаулар, координаттар) енгізу бойынша жұмыс жүргізді.
Сондай-ақ, азаматтық қорғаудың аумақтық бөлімшелері халықты уақытша орналастыру және жылыту орындарының меншік иелері не мұқтаж жандарға қажетті жағдайларды ұйымдастыру, оларға жүгінгендерді жылумен, ыстық шаймен қамтамасыз ету, демалыс орнын ұсыну қажеттілігі туралы ұсынысхаттар жолдады. Қажет болған жағдайда медициналық көмек көрсетілетін болады.
Қазіргі уақытта 2ГИС-ке Қарағанды және Теміртау қалаларының 54 жылыту пункті бойынша деректер «2ГИС анықтамалығы» қосымшасында бар. Сіз іздеу бағанында «жинау және уақытша орналастыру...» деген сөздерді теру арқылы жылыту пункттерін таба аласыз.

Қарағанды облысы ТЖД
Азаматтық қорғау басқармасы