
Азаматтық қорғау майоры Азамат Әмірзадин Қарағанды облысының қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны, әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан жеке еңбегі мен шығармашылық үлесі үшін Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Азамат Әмірзадин 1975 жылы туған. Азаматтық қорғау органдарында 2000 жылғы қазаннан бастап қызмет етеді.
Қызмет еткен уақытында адал және жанқиярлық еңбегінің арқасында көптеген объектілерді өрттен жоюға айтарлықтай үлес қосты.
2020 жылдың 6 желтоқсанында Қарағанды қаласында Гвардейская көшесінде өрт шықты. «101» желісіне келіп түскен қоңыраулар саны бойынша жедел кезекшінің орынбасары Азамат Әмірзадин №2 жоғары дәреже бойынша күштер мен құралдарды жіберуге шешім қабылдайды. Оқиға орнына келген бойда бір қабатты тұрғын үйдің шатыры жанып жатқандығы анықталды, оттың көрші үйлер мен шаруашылық құрылыстарына таралу қаупі туындаған. Азамат үйде адамдардың бар-жоғын тексеру үшін газ-түтіннен қорғау қызметінің буындарын қалыптастырды. Жауынгерлер жанып жатқан үйден сыйымдылығы 27 литр газ баллонын алып шықты, бақытымызға орай, зардап шеккендер болған жоқ.
Азаматтық қорғау майоры А.А. Әмірзадиннің ұйымдастырылған іс-қимылдарының арқасында газ-ауа қоспасының жарылуы мен жанудың таралуына, сондай-ақ адам шығынына жол берілмеді.
Сондай-ақ Азамат жақын тұрған үйлер мен шаруашылық құрылыстарына өрт сөндіру құралдарын уақтылы беруді ұйымдастырды. Осылайша көршілердің мүлкін барынша сақтап, жанудың таралуын тоқтатты.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі