
Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №10 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі және өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Хасенов Нарбота мен Төлеуханов Әсет жаңа Қазақстандық қоғам құру ісіндегі табысты еңбегі және облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны үшін Қарағанды облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Нарбота Хасенов 1995 жылы туған. Азаматтық қорғау органдарында 2015 жылғы қарашадан бастап қызмет етеді.
Әсет Төлеуханов 1996 жылы туған. Азаматтық қорғау органдарында 2016 жылғы қарашадан бастап қызмет етеді.
Қызмет ету кезеңінде олар өздерін жақсы қызметкерлер ретінде көрсетті. Олардың жұмысының мысалы ретінде 2020 жылдың 25 қарашаның түнінде Қарағанды қаласы Лободы көшесінде болған өртті айтуға болады. Құтқарушылар оқиға орнына келгенде 5 қабаттағы пәтердегі өрт пен подъезден шыққан қатты түтінді көреді.
Барлау және қажет болған жағдайда құтқару жұмыстарын жүргізу міндетін алған Нарбота Хасенов пен Әсет Төлеуханов пәтерлерді тексеруге кіріседі. Жауырнгерлер екі пәтердің есігінің сыртында көмек сұраған балалардың дауыстарын естиді. Өрт сөндіруші-құтқарушылар дереу есікті ашуға кірісті, одан кейін 6 жастан 12 жасқа дейінгі төрт баланы тапты. Н. Хасенов бастаған газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны бір секунд жоғалтпай өз аппараттарына құтқару қалпақтарын қосып, оларды балаларға кигізіп, қолдарына көтеріп, таза ауаға шығарды.
№10 ӨСБ бөлімше командирі Н.Қ. Хасенов пен өрт сөндіруші – құтқарушы Әсет Төлеухановтың сауатты, нақты іс-әрекеттерінің арқасында 4 бала құтқарылып, уақтылы қауіпсіз жерге көшірілді.
Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі