
Өткен демалыс күндері, 13-14 ақпан облыстық ТЖД бөлімшелері өрт сөндіруге және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге 20 рет шықты. Оның барысында 15 адам, оның ішінде 4 бала құтқарылды.
13 ақпан күні сағат 08:36-да Балқаш қаласының Мира көшесіндегі өрт туралы хабарлама келіп түсті. Жалпы ауданы 2,5 ш.м. автомобильдің мотор бөлігінде, аспаптар панелінде және салонының қаптамасында жанатын бөліктер жанған.
Тағы бір өрт Қарағанды қаласының Н.Әбдіров даңғылында орын алды. Жалпы ауданы 2,5 ш.м. автомобильдің мотор бөлігінде, аспаптар панелінде және салонының қаптамасында жанатын бөліктер жанған.
Екі жағдайда да өрттің себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы болды. Көлікте өрт пен жануды болдырмау үшін Қарағанды облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін сақтауды ескертеді.
14 ақпан күні сағат 16:18-де Балқаш қаласының Қарамеңді Би көшесінде болған өрт туралы хабарлама келіп түсті. Тұрғын үйдің ауласында 10 ш.м. алаңда жазғы ас үйдің ағаш жабынының жануы орын алды, өрт 17:00-де жойылды. Өрттің алдын ала себебі-пештер мен түтін мұржаларын орнату кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу.
Сонымен қатар, ТЖД құтқарушылары демалыс күндері сегіз рет авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге шықты. Көмек негізінен қарттар мен балаларға қажет болды.
13 ақпанда сағат 19:25-те «112» желісіне 2005, 2006 және 2008 жылғы үш жасөспірім Теміртау қаласынан шығып, Самарқанд су қоймасының мұзымен жағалаудың оң жақ бағытына қарай кеткендері туралы хабарлама келіп түсті. Алайда қараңғы түскендіктен адасып, кері жолды таба алмаған. Балаларды іздеу жұмыстары снегоход және жеңіл автокөліктердің қатысуымен жүргізілді, барлық уақытта балалармен телефон байланысы ұсталды. Сағат 19:55-те Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлерінің күшімен жасөспірімдер «Алау» балалар лагерінен 200 м-де мұз үстінде табылды. Құтқару бөлімшесіне жеткізіліп, онда медициналық тексеру кезінде балалардың медициналық көмекке мұқтаж еместігі анықталды. Балалар полиция бөліміне тапсырылды.
Қарағанды қаласында Шахтерлер даңғылы бойынша ТЖД қызметкерлері слесарлық құралды пайдалана отырып, бөлмеаралық есікті ашты. 2016 ж. т. бала құтқарылды.
Тағы бір оқиға Сәтбаев қаласында болды. Құтқарушылар үш иінді баспалдақпен терезеден пәтерге кіріп, алдыңғы есікті ашты. 1937 жылғы әйел құтқарылды.
Қарағанды қаласында қарт әйелге көмек қажет болды. Құтқарушылар пәтердің есігін ашып, жедел медициналық жәрдем бригадасын ішке кіргізді.
Сәтбаев қаласында құтқарушылар үш иінді баспалдақтың көмегімен балкон арқылы пәтерге кіріп, алдыңғы есікті ашты. Бақытымызға орай, 1980 жылы туған әйел қанағаттанарлық жағдайда табылды және медициналық көмекке мұқтаж болмады.
14 ақпан күні сағат 18:30-да Ұлытау ауылынан 30 км қашықтықтағы сүрлеу жолда тазаланған учаскеге 2 жеңіл автокөлік сүйретілді, олардың салонында 8 адам болды. Құтқарылғандар медициналық көмекке мұқтаж болмады.
Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі