Қарағанды облысының жолдарында 8 адам құтқарылды

Қарағанды облысының жолдарында 8 адам құтқарылды

Ауа райының нашарлауына байланысты өңірдің ТЖД халыққа дауылды ескерту жасады, бірақ соған қарамастан, қолайсыз ауа-райында азаматтардың жолға шығу жағдайлары жалғасуда. 9 ақпанда ТЖД бөлімшелері жолда қалған техникалық ақауы бар автокөліктерден 8 адамды құтқарды.
9 ақпан күні сағат 15:50-де Осакаровка кентінен 1 шақырым жердегі «Алматы-Екатеринбург» автожолында ТЖД күшімен техникалық ақауы бар автокөліктен 3 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылды. Зардап шеккендерге медициналық көмек қажет боламды.
Кешке Осакаровка кентінен 8 шақырым жерде ТЖД күшімен техникалық ақаулы автокөліктен 2 адам құтқарылып, Осакаровка кентіне жеткізілді.
Сондай-ақ, сағат 22:50-де Бұқар Жырау ауданында, «Алматы-Екатеринбург» автожолының 975 шақырымында ТЖД күшімен техникалық ақауы бар автокөліктен 3 адам құтқарылды. Зардап шеккендер Қарағанды-Сортровка станциясына жеткізілді, медициналық көмекке мұқтаж болмады.
Қарағанды облысының ТЖ департаменті ауа райының нашарлауы кезінде алыс қашықтықтарға шығуды уақытша шектеу, сапарлар алдында автомобильдің техникалық жарамдылығын тексеру, метеожағдайлар мен дауылды ескертулер туралы ақпаратты қадағалау қажеттігі туралы ескертеді.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі