Өткен тәулікте облыстық ТЖД бөлімшелері өрттерді сөндіруге және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге 17 рет шықты

Өткен тәулікте облыстық ТЖД бөлімшелері өрттерді сөндіруге және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге 17 рет шықты

Өткен тәулікте 8 ақпанда облыстық ТЖД бөлімшелері өрттерді сөндіруге және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге 17 рет шықты. Оның барысында 12 адам құтқарылды, оның 6-ы бала және 3 адам эвакуацияланды.
8 ақпанда сағат 17:42-де Қарағанды қаласының Серпін көшесінде жалпы ауданы 30 ш.м. алаңда тұрғын үй шатырының, сыртқы қабырғасының және ішкі қалқасының ағаш торлары жанды. Өрт сағат 18:10-да жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі - пештер мен түтін мұржаларын орнату кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу.
Сағат 18:45-те Балқаш қаласының С.Сейфуллин көшесінде 4 қабатты тұрғын үйде өрт шықты. 1-ші қабаттағы пәтерде жалпы ауданы 10 ш.м. алаңда үй заттары мен жиһаз жанған. Өрт сөндіру барысында ТЖД қызметкерлері кіреберіс пәтерлерінен құтқару қақпақтарының көмегімен 5 адамды құтқарды, оның ішінде үш бала, автосаты бойынша 1 адам, баспалдақ маршы бойынша 3 адам эвакуацияланды. Улы газбен улану салдарынан 3 адам мен бір бала ауруханаға жатқызылды.
Сағат 22:38-де Жезқазған қаласында, Ғарышкерлер бульварында жалпы ауданы 3 ш.м. алаңда автомобильдің мотор бөлігінде салон мен жанғыш бөліктер жанған. Өрт сағат 22:54-те сөндірілді. Өрттің алдын ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы.
8 ақпан күні сағат 14:00-де Жезқазған қаласынан 35 шақырым жердегі «Қызылорда-Жезқазған» автожолында ТЖД күшімен техникалық ақауы бар автобустан 2 адам құтқарылып, Жезқазған қаласындағы автовокзалға жеткізілді. Медициналық көмек қажет болмаған.
Сәтбаев қаласының Абай көшесінде ТЖД қызметкерлері баспалдақ арқылы терезеден пәтерге кіріп, алдыңғы есікті ашты. 1946 жылы туған ер адам құтқарылды, медициналық көмекке мұқтаж емес еді.
Сондай-ақ, 8 ақпанда Қарағанды қаласында, 18 шағын ауданда ТЖД қызметкерлері үш иінді сатымен терезеден пәтерге кіріп, кіреберіс есікті ашты және 2018 жылы туылған баланы құтқарды. Балаға медициналық көмек қажет емес еді.
9 ақпан күні сағат 05:18-де Саран қ. «MINING RESOURS» ЖШС аумағында жалпы ауданы 20 ш.м. металл вагон жанып кетті, өрт 06:14-те жойылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі - пештер мен түтін мұржаларын орнату кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу.
Жезқазған қаласында Омаров көшесінде құтқарушылар шанц аспабының көмегімен ішкі есікті ашты. 2012 ж.т. бала құтқарылды, медициналық көмекке мұқтаж болмады.
Тағы бір құтқару жұмысы Сәтбаев қаласы, Ерден көшесінде жүргізілді. Құтқарушылар автосаты арқылы терезеден пәтерге кіріп, алдыңғы есікті ашты. 2008 жылы туған бала құтқарылды, медициналық көмекке мұқтаж болмады.