7-8 ақпанда ауа райының нашарлауына байланысты Қарағанды облысында барлық бағыттар бойынша барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс жабылды. Елді мекендерден тыс жерлерге шыққан адамдар қауіпті жағдайға тап болды.
7 ақпан күні сағат 10:37 - де Қарқаралы ауданында «Қарағанды - Аягөз-Бұғаз» автожолында рульді басқара алмаған автокөлік жүргізушісі кюветке шығып, кейіннен бүйіріне аударылып кеткен. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. ТЖД күшімен 3 адам құтқарылып, Қарқаралы қаласына жеткізілді, медициналық көмекке мұқтаж болмады.
8 ақпан күні сағат 02:50-де Қарқаралы ауданында жергілікті маңызы бар «Аманжолов-Аққора» автожолында, Қарқаралы қаласынан 60 шақырым жерде ТЖД күшімен қар құрсауынан 2 жеңіл автокөлік шығарылды, олардың ішінде 8 адам, оның ішінде 3 бала болды. Медициналық көмек қажет емес еді.
Қарағанды облысы ТЖ департаменті облыс аумағында дауылды ескерту әрекет ететіндігін еске салады!
Жүргізушілерге автожолдардағы қозғалысты жабу немесе шектеу туралы ақпаратты қадағалауға кеңес беріледі.
Қозғалыс жабылған кезде көлік құралдарының автожолдарда жабылу орындарында жиналмауын, мүмкіндігінше елді мекендерде, кемпингтерде немесе жол бойындағы кафелерде болуын сұраймыз.
Ауа райының өзгеруі және автожолдардың жағдайы туралы жедел ақпарат «Darmen» мобильдік қосымшасында, ТЖД ресми сайтында қолжетімді.
Оқиғалар мен ТЖ фактілері туралы мына телефондарға хабарласыңыз: 112 немесе 8 (7212) 43 36 36, 43 37 37.